Парламент депутаттары 30 маусымнан 1 қыркүйекке дейін демалыста болады. Алайда халық қалаулылары демалыстарының бір айын қалыптасқан үрдіс бойынша аймақтарды аралап, халықпен жүздесулер өткізеді. Өңірлерді аралау бағдарламасы аясында Respublica партиясынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров аймаққа іссапармен келді.
ӨҢІРДІҢ ДАМУЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА
«AMANAT» партиясы жанындағы бақылау комитетінің және Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңестің мүшелері Қостанай облысына келгенін бұған дейін хабарлаған едік. Мәжіліс депутаттары Павел Казанцев, Екатерина Смышляева, Берік Бейсенғалиев, Юлия Кучинская аймақ тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру сәтті басталды
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша Жамбыл облысының тәжірибесін кеңейту жөніндегі бастамасын орындау мақсатымен Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары басталды.
Көшбасшы әйел қандай болуы керек?
Қазақстанның әйелдер күштері альянсы еліміз бойынша әйелдердің саяси көшбасшылығы мектептерінің жұмысын жандандыруда. Біздің өңірде саяси мектеп алғаш 1999 жылы ашылып, көптеген белсенді қыз-келіншекті тәрбиелеп шығарды. Бірқатары қазір басшылық қызметте. Бұл бастама жалғасын тапты. Қазір өңірдің барлық аудан-қалаларында осындай клубтар құрылған. Оның сыртында енді ғана танылып келе жатқан қыз-келіншектерге арнайы оқу курсы өтеді. Бұл туралы бізге […]
“Ана тілің алпыс тілге татиды”
AMANAT партиясының Қостанай облыстық филиалында «Miras» аймақтық қоғамдық кеңес мүшелері филология ғылымдарының кандидаты, жазушы, аудармашы Әлпейісова Камал Әбілқасымқызымен кездесу өткізді.
Партия филиалында әлеуметтік қорғау кеңесінің жұмысы қортындыланды
«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалында отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің ұйымдастыру отырысы өтті.
Қостанайлық қарияларға медициналық көмек көрсетілдi
Жеңіс күні қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қостанайлық қарттарға тегін медициналық көмек көрсетілді. Бұл іс-шараны “AMANAT” партиясы Қостанай облыстық филиалының өкілдері денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласының мамандарымен бірлесіп ұйымдастырды. Партиялық жоба шеңберінде қаладағы бес қария көшпелі медициналық тексеруден өтті. Дәрігерлік тексерудің қорытындысында қариялардың әрқайсысына нақты кеңестер берілді. Мұндай көмекке қарттар да риза […]
«Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының іріктеу кезеңі өтті
«AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының жыл сайынғы іріктеу кезеңі өтті.