Көпқабатты тұрғын үйлерде жайлы өмір сүрудің жаңа стандарттарын енгізуге арналған «TURGYNDAR AMANATY» партиялық жобасының өңірлік форумы өтті.
Ыбырай Алтынсарин ашқан мектеп туралы жаңа жинақ жарық көрді
Қостанайда Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай ғылыми-практикалық концеренция өткен болатын. Жиын аясында «Ыбырай мектебі» атты тарихи-танымдық зерттеу еңбегінің таныстырылымы өтті.
Қостанайда ғылымды коммерцияландырудың нақты тетіктері талқыланды
Қостанайда «AMANAT» партиясының қолдауымен өткен «Ғылым Talks» алаңы академиктер мен бизнес өкілдерін бір үстел басына жинады.
Бір өтініш жүздеген баланың қуанышына айналды
Қостанайдағы Гашек көшесінің бойындағы жағалау – қала тұрғындарының отбасымен серуендейтін сүйікті орны. Алайда мұнда ата-аналардың қалтасына салмақ түсіретін ақылы аттракциондардан басқа жағдай жасалмаған. Бұл мәселе «AMANAT» партиясының араласуымен шешімін тауып, бүгінде жағалауда заманауи ойын алаңы бой көтерді.
Алаяқтардың құрбаны болған азаматқа «AMANAT» көмектесті
Соңғы уақытта алаяқтық деректері айтарлықтай жиілеп кетті. Заң бұзушылар интернеттегі хабарландыруларды, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді пайдаланып, алаяқтық схемалары арқылы қарапайым халықты қарызға белшесінен батырып отыр деп дабыл қағып жүргенде, көшеде алдайтындар да қарасы азаймағанын көріп отырмыз.
Алмат Досмұхамедов: «Азаматтардың белсенділігі жоғары болды»
Бүгін өңірде өткен референдум бойынша дауыс беру ұйымдасқан түрде өтті. Азаматтардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары болғаны байқалды — тұрғындар өздерінің азаматтық міндетін орындау үшін дауыс беру учаскелеріне келді.
Қостанай көшелері кеңейіп, жаңа автобустар жолға шығады
«AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы алаңында Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдады. Қабылдауға партияның облыстық филиал төрағасы Алмат Досмұхамедов пен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.
Ұстаздар қауымымен конституциялық өзгерістер талқыланды
Конституциялық реформаларды қолдау жөніндегі өңірлік коалиция мүшелері Қырмызы Жаңбыршина мен Тоты Айтмағамбетова С. Мәуленов атындағы гимназия ұжымымен жүздесті.
«AMANAT» партиясы «Мирас» өнер ұжымының концерттік бағдарламасын ұсынды
Алдағы референдумға байланысты «Қостанай плаза» сауда орталығында «AMANAT» партиясы филиалының жалпы ұлттық коалиция мүшелері қалалық «Мирас» шығармашылық ұжымымен мерекелік концерт ұйымдастырды.
Іскер әйелдер жаңа Конституцияны қолдауда
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдум өткізу туралы Жарлығына сәйкес, Қостанай қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің қатысуымен өңірлік іскер әйелдер форумы және бірқатар кездесулер өтті.
