Алмат Кәкімжанұлы Досмұхамедов AMANAT партиясы облыстық филиалының төрағасы болып тағайындалды. Оның кандидатурасы партияның облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVI конференциясында ұсынылды.
Мәжіліс депутаттары облыс халқымен кездеседі
Бүгін ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары Еркін Әбіл, Екатерина Смышляева, Берік Бейсенғалиев, Альберт Рау облысымызға жұмыс сапарын бастайды.
Арқалыққа әуежай салына ма?
Бүгінде облысымыздың оңтүстік аудандарына орталықтың алыстығы елдің әлеуметтік жағдайын қиындатып отырғаны сөзсіз. Салдарынан арадағы көлік қатынасы жылдам дегенде жарты күн уақытты алады. Бұрын Торғай облысының орталығы болып тұрған кезде үлкен әуе кемелерін қабылдай алатын орын болғанын қазіргі сақталған ұшып-қону жолағы ғана еске салады.
Облыс мектептерін 100% жылдам интернетпен қамту: жоспар орындалды
Бүгін облыстық білім және денсаулық сақтау кеңесінің биылғы қорытынды отырысында «АМАNАТ» партиясының денсаулық сақтау мен білім беруді дамытудың сайлауалды бағдарламасын өңірлік деңгейде іске асыру бойынша Жол картасын іске асыру барысы талқыланды.
Қостанай тұрғыны жұбайын қылмыстық жауапкершілікке тартты
Осыдан шамамен 8 жыл бұрын жұбайы оған үйдің жартысын 2,5 миллион теңгеге сатып, содан кейін оған қолхатпен берген. Ақшаны имеденіп алып, әйелінің атына құжаттарды рәсімдеу туралы міндеттемені орындамаған. Кейінірек ол қылмыс жасап, бас бостандығынан айыру орындарында болды.
Қостанайлық ақын республикалық байқаудың арнайы жүлдесін иеленді
«AMANAT» партиясының дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық әдеби байқауы биыл Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, педагог Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналғанын білеміз. Осымен төртінші рет ұйымдастырылған байқау партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында Жазушылар одағымен бірлесіп өткізілген еді.
«АМАНАТ» партиясы жанынан Әйелдер ұйымы құрылды
«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанынан саяси белсенді әйелдер ұйымы құрылды. Ол өңірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өміріне ат салыспақ. Бүгінде облыстағы белсенді әйелдер қатарында 5 облыстық мәслихат депутаты, аудандық және қалалық мәслихаттардың 56 депутаты бар.
69 ірі жоба қолға алынды: Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге 22 млрд теңге қаржы бөлінді
Қостанайда «Аманат» партиясына қарасты барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші облыстық форумы болып өтті. Алқалы жиында халық қалаулылары партияның депутаттар фракциясының негізгі міндеттеріне тоқталды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орната отырып, өңірлердегі қордаланған мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын қарастырды.
Жастар есірткімен күресті
Бүгін Қостанайда «Жастар Рухы» Жастар қанатының өкілдері нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған «Есірткіге жол жоқ» партиялық жобасы аясында акция ұйымдастырды.
Колледж басшыларының жұмысы жаңа тәсілмен бағаланбақ
Техникалық және кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалы жанындағы облыстық білім және денсаулық сақтау кеңесі отырысы барысында талқыға салынды.