Қазақстан Республикасының рәміздер күні қарсаңында аудан әкімі Талғат Карбозов Қ.Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Олжас Қылдыбаевқа “JAC SUNRAY” автокөлігінің кілтін табыс етті.
Спорт залы мен асхана салынады
Жыл соңына дейін Шеген және Сужарған ауылдары орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оған барлығы 1,1 млрд теңге бөлінді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Жанкелдин ауданына барғанда жол бойындағы Сужарған ауылына ат басын бұрып, құрылыс жұмыстарының қалай жүріп жатқанын көріп қайтты.
Батыр атындағы ауданда спартакиада өтті
Аманкелді ауданындағы орталық стадионда аудандық «Жалын – 2023» жазғы халықтық спорт ойындар спартакиадасының ашылды. Спорт мерекесі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың сардары, халық батыры Аманкелді Имановтың 150 жылғына және ауданның 95 жылдық мерейтойымен сабақтасып отыр.
Сарыкөлдік оқушылар отансүйгіштікке тәрбиеленуде
Сарыкөл ауданындағы Ө.Сұлтанғазин атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқушылар мемлекеттік тілде білім алып келеді.
Қорық пен көрік
Қазақтың сырға тұнған сайын даласында көз сүйсінтер көрікті мекен жетерлік. Сұлтанмахмұтша тәпсірселесек, о шеті мен бұ шетіне ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр атырапта “Біздерде мынадай бар, мынадай бар” деп ұялмай көрсететін небір жауһар көп. Солардың бірі – Науырзым қорығы. Ұлттың байлығы, мақтанышы.
Жастардың ауданға тартуы
Аманкелді ауданына жаңа кіреберіс қақпа орнатылады. Бұл жоба жастардың бастамасымен жүзеге аспақ.
Аманкелдіде «Алтын сақа» жас мергендер сайысы өтті
Аманкелді аудандық орталық балалар кітапханасы дәстүр бойынша 5 жасар ер балалар арасында өтетін «Алтын сақа» сайысында өз деңгейінде атап өтілді. Сайысқа ауданымыздың 3 балабақшасы мен ауылдық округтерден келген бүлдіршіндер қатысып, 5 кезеңнен тұратын «Тегін білу, тектілік», «Шебер қолдар», «Өнерлінің өрісі кең», «Ер бойында жарасар сәндік киім», «Алтын сақа» сайыстарында бүлдіршіндер өздерін бар қырларын жақсы көрсете […]
Арманын аялаған «Аққайың» ансамбліне – 50 жыл
Биыл Арқалық қаласына қарасты Қайыңды ауылының «Аққайың» вокалды инструменталдық ансамблінің құрылғанына жарты ғасырдың жүзі болды. Өнер көгінде жасындай жарқ етіп, ұзақ жылдар бойы ұлт рухын асқақтатқан ансамбльқұрамы бүгінде жас буынмен қайта жаңғырды.
«Қуатты өңірлер» бірнеше бағытта дамиды
Басқа моноқалалармен салыстырғанда, Лисаков анағұрлым таза, абаттандырылған, жинақы. Көрікті шаһар биыл тамызда 52 жылдығын атап өтпек. Қала 1971 жылы осы аттас тау-кен байыту комбинатының негізінде құрылған. Әкімшілік-аумақтық ауданы 0,1 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Қаланың әкімшілік аумағына Октябрь кенті кіреді.
Арқалықта кезекті рет «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізілді
Арқалықта жәрмеңкеде 9 мекеме 70 бос жұмыс орнын ұсынды. Бұл жолғы іс-шараның өтуіне «AMANAT» партиясының Арқалық қалалық филиалы, қалалық «Жұмыспен қамту орталығы», Прокуратура, «Әділет» органдары мұрындық болды.