Әрбір жазушының шығармашылық стилі – оның кәсіби жазу мәнеріндегі жалпы заңдылықтарға сәйкес дамиды. Ол – суреткердің өмір жолымен тығыз байланысты және жекелеген өмірі мен әдеби-көркемдік қызметімен ажырамас бірлікте көрінеді.
«Әдеби теориялық, әдістемелік қағидаларды басшылыққа ала отырып, Б.Майлин шығармаларының даралық стилінің қалыптасу мәселелеріне тоқталып өтпекпіз. Жазушының революцияға дейінгі жазылған тұңғыш әңгімелерімен танысқанда, олардың көркемдік дәрежесі әлсіздеу екенін байқаймыз. Дегенмен, бұл – заңды құбылыс. Себебі жазушылық процесс – үнемі дамып, жаңарып, түзетіліп отыратын әрекет», – дейді белгілі әдебиеттанушы ғалым Б.Наурызбаев.
Мысалы, автордың тырнақ алды әңгіме, суреттемелерінің бірі – «Болған іс» «Айқап» журналының 1915 жылғы 10-санында (147-150 б.) жарияланған. Бұл шығарма қай жағынан алғанда да автордың әңгіме жазуға енді қадам басқанын аңғартады.
Есімі әлемге әйгілі ағылшын жазушысы, көркем сөздің майталман шебері Джон Голсуорси бір жас талап әдебиетшіге жазған хатында жазушылықтың қиын өнеріне төселу үшін қарапайым адамдардың өмірін назар сала байқай білу, жазу стилінің айқындығы мен қысқалығына ұмтылу қажеттігін кеңес еткен.
Негізінде, өзі тікелей араласқан, көрген, сезінген-білгенді жазу қағидасын қатаң ұстанғандардың қатарына Бейімбет Майлин де сөзсіз қосылады. Өйткені ол өзі өмір сүрген қоғамның беталысын, бағыт-бағдарын, шындығын, реалистік бейнесін ашуға тырысты. Жазушы жаңа заманның сырын бейнелеуге икемді жанр мен стильді таңдап, талдап, өзіндік қаламгерлік шеберлігін шыңдады. Ізденіс пен тыңғылықты дайындықтың арқасын шығармаларын әлемдік деңгейге дейін жеткізгенін айтпай кетуге болмас. «Оның шығармашылығы тыныштық жыры емес, тынымсыз жортуылды жорық жыры» деген пікірлер де кездеседі (Классикалық зерттеулер: Көп томдық. – Алматы: «Әдебиет әлемі», 2014 жыл).
Қомпозицаялық тұтастық, сюжетті баяндау-әңгімелеу жүйріктігі, нақты портрет, нәзік психологизм, ойнақы диалог, ішкі монолог – шегініс, күтпеген шешім «Құрымбайдың жігітшілігіне» тамаша бітім берген.
Б.Майлинніңбелгiсiз туындыларын ғылыми-әдеби айналымға қосу – өткен ғасырдың 20-30-шы жылдардағы ұлттық баспасөздің нақты материалдарын саралау, жан-жақты іздестіру арқылы жүзеге асып келеді. Осы негізде бірқатар жаңа көркем шығармалары, оқулықтары мен оқу кiтаптары, күнтiзбелiк жинақтары, әлiппе мен әлiппе орнына пайдаланылатын құралдары («Шала сауаттылар үшін оқу кітабы», «Күш», «Жаңаша оқы, жаз!», «Әдебиет тану оқу құралы», «1929 жылдың шаруа календары», «1930 жылдың шаруа календары», «1931 жылғы календарь жинағы», «Сауат үшін», «Сауаттандырғыш», «Букварьдляликбезников») зертханасына қосылды.Ұзақ уақыт зер салынбай келген тәржiмелiктәжiрибелерi таразыланып, баспасөз бетiнде қалған аударма еңбектерi (В.Бонч-Бруевич. Жолдас Ленинге істелген қастық; П.М.Быков. Романовтардың соңғы күндері; Н.Островский. Дауылда туғандар, т.б.) талданып, ішінара қайта жариялана бастады.
Филология ғылымдарының докторы, бейімбеттанушыС.Байменше «Бейімбет мұралары» мақаласында Би-аға шығармаларының зерттелуіне ден қойған. Мақалада көптеген тың деректер айтылады. Оның айтуынша, Б.Майлин шығармаларының басқа тiлдерге аударылу тарихының да деректері бар. Мысалы, 1935 жылы «Дочьказаха» деген атпен орыс тілінде жарық көрген «Азамат Азаматыч» романы – қазақ романдарының ішінен орыс тіліне аударылған тұңғыш шығарма. «Қырман басында» (кейiн «Қырманда» деп өзгертiлгенбелгiлiповесi) еңбегі ұйғыр тiлiне аударылған, бiрақ автордың 1937 жылғы қуғын-сүргiнге ұшырауы салдарынан жарық көрмей қалды. Бейімбеттің ұйғыр тiлiнде жарық көрген жалғыз кiтабы – 1937 жылғы «Байшұбар» поэмасы ғана. Жазушының «Шұғаның белгiсi» повесi мен «Ахыран бастығы», «Сарыала тон», «Қара шелек» әңгiмелерi Алматы мен Мәскеу қалаларында ағылшын және немiс тiлдерiнде жарық көрген кейбiр жинақтарға енді. Жазушының басқа тілдерге аударылған еңбектері де шығармашылық зертханасын құрайтыны, жалпы сөз мұрасынан сырт тұрмайтыны белгілі.
Жазушы шығармаларының аудармалары – уақыт өткен сайын маңыздылығын арттыратын, қоғамның бет-бейнесін танытатын елеулі туындылар екенін аңғарамыз.
Шаруа адамының өмірдегі жаңа құбылыстарға көзқарасында болған әр қилы қайшылық табиғатын «Қара шелек» әңгімесі де өзіндік кілт тауып ашқан. Әңгіме кейіпкері Айша шаруашылықты жаңаша құруды қостайды: артель ұйымдастыруда өзі ұйтқы болады. Одан асса, артель басқармасының бастығы болып сайланады. Сөйтіп, кеше ғана күңдіктен босанып, көзін ашқан әйел бүгін қоғамның басшысына айналады. Заман талабынан туған мұндай шұғыл өзгерістен Айшаның санасы әлі қалыңқы. Қоллективтік негізге құрылмақ шаруашылықтың артықшылығына көзі әбден жете қоймайды. Бұрын кедейліктің тақсіретін тартқан ол қолындағы бір малын екеу етсем, тұрмыс жағдайымды жақсарта түссем дейді, ал артель шаруаға не бермек, бұл жағы Айшаға әлі күмәнді. Адамға жеке мүлкінің қаншалық ыстық, қымбат көрінуін жазушы бағалы бұйыммен емес, құны жартусыз қара шелекпен дәлелдейді. Сұрап алып кеткен көрші әйелдін ұқыпсыздығынан бүйірі жапырылып, түбі түскен қара шелегін көргенде, Айша көзіне жас алады. Қара шелек қайғысына ала сиырының ортаға салыну қаупі келіп қосылады. Күтпеген жерден келе қалған мұндай жаңалықты пайымдай алмай, Айшаның басы қатады. Қейіпкердің толғанысын, ой арпалысын автор табиғат құбылысымен шебер астарлайды.
«…Түн. Терезе қармен көмулі! Дала боран, жел дүрілдейді, ысқырады, ұлиды. Қараңғы үйде Қуандығын бауырына басып, бүк түсіп Айша жатыр. Ұйқы қашқан. Ауыр ой кернеп, оқта-санда күрсінеді»,- деп суреттейді жазушы.
Түнгі боранда дүрілдеген, ысқырған, ұлыған жел, Ай. Осы бір тылсым үрей ой толқынына, уайым күшіне әуендес, сабақтас.
Қейіпкердің жаңаны қабылдау қадамын автор жасандылықпен жеделдетуді қаламайды, Айша шешімін оймен жалғастыруды оқушының еркіне қалдырады.
«…Қараңғы түнде, төсекте жатқан күйінде Айшаның көзіне желіні салпылдаған ала сиыр елестеп кеткен тәрізденді. Жапырылған қара шелек елестеген сияқтанды», – әңгіме осы жолдармен тұжырымды шешімсіз аяқталады.
Әңгіме жазудың мұндай тәсілін новелланың теңдесі жоқ зергері А. П. Чехов ұнатып, жиі қолданғаны мәлім. Ол: «Кішкене әңгімеде артық айтқаннан кем айтқан жақсырақ», – деген.
Майлиннің новелла, қысқа әңгіме жазу шеберлігінде, стилінде Чеховтың ықпалы, өнегесі анық сезіліп тұрады. Шығармада характерді бейнелеудің көркемдік құралы – композиция. Ол сюжетті мазмұндаудың қажетті жағдайын белгілейді. Майлин новеллаларының сюжеті айқын, композициясы шытырман-бұлтақсыз болып келеді.
Сюжет әңгімелеу, баяндау арқылы оның әлеуметтік мәнін толық ашып көрсетуге де болатынын айта келіп,A. Толстой бұл тәсілдің новелла – қысқа әңгімеге лайық келетінін ескертеді. Бейімбеттің көп новелласы – қысқа деген пайым қылаң береді.
Әңгімелерінде сюжет шебер баяндалып отырады. Сонымен бірге онда баяндау мен суреттеу амалдарын шебер ұштастыратын әңгімелер де баршылық. Қомпозициялық үйлесімділігі мен сюжет айқындығы өмір шындығын аса нанымды көрсетуге, адам характерін табиғи да терең бейнелеуге мүмкіндік туғызады.
Бейімбет Майлиннің «Қара шелек» әңгімесі – шеберлікпен жазылған шығармаларының бірі. Бұл қаламгер әңгімені сан жағынан да, сапа жағынанда жетік жазды. Кеңес ғалымдарының пайымдауынша, Бейімбет Майлиннің әңгіме жанрының шебері екендігі осы көркем шығармадан байқалады.
«Қара шелек» әңгімесінде ауыл адамдарының берекесіз ұсақ шаруашылықты бітіріп, ұжымдық ірі шаруашылыққа, социалдық шаруаға көшу қиынға соққаны туралы, сол замандағы халықтың тұрмыстары,жағдайы, күнделікті өмірі, ауыл адамдарының психологиялық тұрғысы, түп-санасы ашық баяндалады.
Бұл шығарманың танымалдығына сай өзге тілге аударылған аудармалардың саны аз емес. Ең көп оқылатын аудармалардың бірі – орыс тіліне аударылған «Черное ведро» шығармасында түпнұсқаның құрылымына қарағанда кей оқиғалар нақтырақ баяндалады. Оны Айша мен Қожағұлдың салақ қатынының арасындағы диалогтардан байқауға болады:
«Шашы обырап, күлді бұрқыратып қара тоқал пештің алдында отыр еді. Есіктен кірген Айшаны көрді де, ашуланған пішінмен шымшуырмен отты көсеп-көсеп қалды. Күл бұрқырап, пештің аузынан көлбеп ұша берді».
Ал аудармада екеуінің арасындағы жағдайдың сипаттамасымен ғана тоқтала қоймай, диалогтері нақты жазылады:
«Пришел вечер, стемнело, надо было идти за водой. Тут-то и поняла Айша, какой промах она допустила, и похолодела. Младшая баба Кожагула ведь редкая растяпа. То, что попадет ей в руки, считай, пропало. Пиалу возьмет — надвое расколет, чайник для заварки — носик или ручку обязательно отобьет, ведро возьмет… И, не выдержав, Айша выскочила из дома. Она бежала, спотыкаясь, проваливаясь в сугробы. И не замечала этого. Лишьбыскореедобраться до чумазойнеряхи. Скореебыувидетьсвоечерноеведро…
Распустивгрязныекосы, вздымая клубы пепла, сидела у печки баба Кожагула. Увидев ворвавшуюся в дом Айшу, начала длинными щипцами яростно шуровать уголья. Посыпалась зола, повалил черный дым.
— Я заведромпришла, — предчувствуячто-тонеладное, сказала Айша.
— Этотмальчишкабестолковый… Ну, и я еготакотлупцевала, чтонавекзапомнит… — пробубнилачумазая, не отрываясь от печки.
Айша, не помнясебя, грознонадвинулась. Чумазая, слегкаоробев, пролепетала:
— Ну, чтоты, чтоты! Имей уважение к старшей! Уймись! Вонлежиттвоеведро.
Ведро — сплющенное, с продавленнымдном — валялось у порога. Айша задохнулась от ярости и обиды. Схватилаизуродованноеведро, запустилаего в косматуюбабу и заплакала.
— Ойбай-ай! — дурнымголосомнавесь дом завопилачумазая. — Уби-и-ила меняэтасте-ерва!
Жазушы көлемі шағын баяндаудан-ақ кейіпкерлердің келбетін, психологиясын шеберлікпен дәл, әрі ықшам түрде жеткізген, сол ебептен түп нұсқада бәрі қысқа-нұсқа жазылған.
Тек қара шелектің өзі оқиғаларды байланыстыра отырып, халықтың колхоз, коллективтендірілген шаруашылық, мүлікті ортаға салу түсініктері, яғни халықтың сауатсыздығын, білім деңгейінің төмендігін айқындап отыр. Осыған дәлел Қожағұлдың тоқалын жақтап қалу мақсатында айтылған сөзінен аңғаруға болады:
«Сындырмасын дегеніңіз дұрыс қой, бірақ «біреудікі» дегенді қойса да болады ғой. Мана өзіңіз бар емес пе едіңіз, не деп еді өкіл? «Керекті құралды ортақ пайдаланасыңдар» демеп пе еді? Сол құралдың бірі шелек қой. Ортақ мүлікті алып пайдаланар болар. «Сындырмасын» деңіз, оныңызға қосылам. Бірақ «сен сындырыпсың» деп ұруға бола ма? Өкіл олай деген жоқ еді ғой. Өзіңіз соған бастық болып сайландыңыз. Бастық адам ұрмас болар, «бастығымыз осылай қылды, ұрды» деп арыз берсек, «пот-сот» кететініңізді білесіз бе?»
Түсінігі бойынша тіпті қара шелекті де ортақ мүлікке қосқан, ал ұжымдық шаруашылықта ортақ мүлікке шелек қосылушы ма еді? Бұл әңгімеде шелек деталі арқылы заманның шындығы айқындалады.
Автор бұл әңгімені қазақ халқын сауатсыздықтан жою мақсатында жазғаны анық. Себебі Б.Майлин сауатсыздықтан мүлдем құтылу ұранын алға тартты. Оған дәлел жазушының ауқымды кітаптары: «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабы», «Күш», «Сауатсыздарға арналған әліппе» және т.б.
Бейімбет Майлин публицист ретінде қазақ журналистикасының негізін салған, бастауында болған, қаламгерлігімен оның өріс алып дамуына үлкен еңбек сіңірген тұлға. Сондықтан ол жазған очерк, мақала, жарияланымдары – бүгінгі ұрпақ үшін аса маңызды. Газеттер мен журналдарда қазақ қоғамының тынысы жайлы өткір мәселелер көтеріп, өзекті проблемалар жаза білді. Соның ішінде «Халық билері» атты мақаласы – ел ішіндегі ұлттық тәрбие мен салт-дәстүр, ұлттық ұстаным негізінде жазылған. «Халық билері» мақаласынан үзінді келтірсек:
«Елдің ішінде отырған, елдің ішіндегі қисықты тезге салатын, бұзақылыққа, талау-таражға тыю салатын бір сотымыз – халық билері. Қазақ даласында билерінің жөні түзу, жаманаты көп шықпайтын – Семей билері. Семей билерінің көпшілігін алғанда, бәріне белгілі бір ұстаған жол барлығы, бет барлығы сезіледі»(Майлин Б. Көп томдық шығармалар жинағы. Бейімбет Майлин. Оныншы том: Мақалалар. – 360 бет. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2009 жыл)
Міне, осы үзіндіге зер сала отырып, Б.Майлиннің жұрт ісіне жақын екені, дәстүрлі құндылықтардың ақ-қарасын ажырата білетін бірегей тұлға екенін аңғарамыз.
Егер аталған үзіндіні ағылшын тіліне аударсақ төмендегідей мәтін шығады:
«People’s judges are one of our courtsthats it sinside the country, punishes bad people in the country, and prohibits mischief an devil. In the Kazakh steppe, the dances of Semey are upright and do not get much bad news. If you look at most of the Semey dances, you can feel that everyone has a certain way and system».
Қазақ тіліндегі нұсқасы | Ағылшын тіліндегі нұсқасы |
Елдің ішінде отырған, елдің ішіндегі қисықты тезге салатын, бұзақылыққа, талау-таражға тыю салатын бір сотымыз – халық билері. Қазақ даласында билерінің жөні түзу, жаманаты көп шықпайтын – Семей билері. Семей билерінің көпшілігін алғанда, бәріне белгілі бір ұстаған жол барлығы, бет барлығы сезіледі | People’s judges are one of our courtsthats it sinside the country, punishes bad people in the country, and prohibits mischief an devil. In the Kazakh steppe, the dances of Semey are upright and do not get much bad news. If you look at most of the Semey dances, you can feel that everyone has a certain way and system |
Түпнұсқа мәтінді қазақ тіліне аудару арқылы біз Б.Майлин мұрасының жан-жақты танылуына септігімізді тигізгіміз келеді. Шын мәнінде, ағылшын тілінің әлеуетін әдеби мұраларды насихаттауда тиімді қолдана білсек, қазақ мәдениетінің, қазақ әлемінің дамитыны сөзсіз.
Қорытындылай келе, Бейімбет Майлиннің шығармаларының шет тілдерге аударылғаны туралы бірнеше материалдар сараланды. Орыс, ұйғыр, неміс, ағылшын тілдеріне тәржімаланған туындыларын танып, білдік десек болады.Әр аударманың тілдік, көркемдік сапасы әртүрлі екені белгілі. Дегенмен, ең ауқымды түрде жүргізілген жұмыстар орыс аудармашылардың еншісінде. «Қара шелек» секілді классикалық әңгіменің орыс тіліне көркем аударылғанын байқадық. Тәржіма ісі – белгілі бір ұлттық шығарманы әлемдік деңгейде насихаттауға мүмкіндік беретін тәсіл, сара жол. Заман ағымына бейімделе отырып, Би-ағаның классикалық туындыларын шет тілдерге неғұрлым көбірек аударсақ, соғұрлым ұрпақ үшін пайдалы болатыны сөзсіз.
Астана қаласы