Бірқазан біздің жаққа қалай келді? (ВИДЕО)

Бірқазан біздің жаққа қалай келді? (ВИДЕО)

Бұл – жылы жаққа ұша алмай қалған бірқазан. Оны Қостанайдағы табиғатты қорғау және аңшылар қоғамының өкілі Денис Короввин Введен тас жолы бойындағы Александров ауылының тұрғындары тауып алғанын айтады.

“Маған бұл құс жөнінде Қостанай аудандық полиция бөлімінен хабарласты. Қамқорлығымызға алуға бірден шешім қабылдап, хаттамаға қол қойдым. Одан осы іспен бұрыннан айналысып жүрген ерікті Анастасия Серікқызына хабарластым. Ол қалада екі күн ұстауға жәрдемдесті. Әбден үсіп қалған екен, жейтіні тек балық. Аса күтімді қажет ететіндіктен, ерекше құсқа қолайлы жер іздедік”, – дейді ол.

Қазір бұл бірқазанды Алтынсарин ауданында Арыстан Әлімқожинов атты орманшы ұстап отыр. Көктемге дейін бағып-қағып жібермекші.

“Маған бұл құс туралы аға орманшымыз, Владимир Селезнев аңшылар қоғамының адамдары хабарласқанын айтты: “Қайдан тауып алғандарын нақты айта алмаймын. Көлден ұстап алған болуы керек. Себебі, бұл топпен жүретін құс, енді жалғыз ұша алмайды”, – деп асырай тұруымды өтінді. Қалада ұстайтын жер болмаған екен. Содан өзім тұратын Силантьев ауылына алып келдім. Көктемге дейін шыдаса, ұстаймыз. Жақсысы, арнайы жер табылса тамаша болар еді. Алматыда сондай орындар бар екенін естіп хабарластым. Бүгін жанашыр жандар қаладан тағы да балық беріп жіберіпті. Тәбеті жаман емес. Ұзақ тұрады деп ойлаймын. Басында қалада болғанын айттым ғой. Онда, әрине, ыңғайсыз”, – дейді орманшы Арыстан Әлімқожинов.

https://www.youtube.com/shorts/WViGzr-jjF0

Жаңалықтармен бөлісу