Жыртқыштар маза бермей тұр

Жыртқыштар маза бермей тұр

 

Қасқырлардың малға шабуыл жасауының бірнеше фактілері туралы жергілікті тұрғындар жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұны Қостанай облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы да растап отыр. Ондағылар жыртқыштан қауіп төне берсе, популяцияны реттеу жүргізілетінін түсіндірді.

– Инспекцияға Федоров ауданы әкімдігінен хат келіп түсті. Инспекция облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамына хат жолдады. Бұл мәселе қорық қызметі мен аудан әкімдігінің жұмысында. Қасқырлар анықталған немесе олардан қауіп төнген жағдайда олардың саны ҚР заңнамасына сәйкес реттелетін болады, – дейді Қостанай облысының жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің басшысы Петр Гураченков.

Жаңалықтармен бөлісу