25.07.2025
БІРЛІКТІҢ ҮЛГІСІН КӨРСЕТІП ЖАТЫРМЫЗ

БІРЛІКТІҢ ҮЛГІСІН КӨРСЕТІП ЖАТЫРМЫЗ

Қазіргі жағдай бәрімізге де оңай болып тұрған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жариялап, елді сабырға шақырды. Расында, қазір әртүрлі қауесет тарап жатыр. Жалған-шынын айыру үшін ресми ақпарат көздеріне жүгінген абзал.

Су тасқыны кезінде еліміз бірлігін көрсетіп, жақсы үлгі көрсетіп жатыр. «Бірлік түбі — береке» деген. Бұл сынақ та бітер. Егініміз бітік шығып, еліміз молшылыққа кенелер. Әрбір қиындықтың соңы жақсылыққа ұласады деп ырымдаймыз.

Құтқарушылардың, тәртіп сақшыларының, еріктілердің еңбегін ерлікке балауға болады. Лайым, бірлігімізден айырылмай, ырысымыз арта берсін!

 

Нұркелген ӨТЕУЛИН,

«Ауыл» партиясы ҚОф төрағасы