Қостанайдағы 115 мектеп бұдан былай қазақтың айтулы тұлғасы, Шеген бидің ұрпағы, Алаш қайраткері Ахмет Бірімжановтың есімімен аталатын болды.
Ахмет Қорғанбекұлы – жиырмасыншы ғасырдың басында мемелекеттік думаға мүше болып, екі рет депаутаты болып сайланған қазақтың тұңғыш заңгері. Орынбор округтік сотының кандидаты, одан кейін Торғай уезінің бітімші соты болып істеп жүргенде, 1906-1907 жылдары Ресейдің 1-2 мемлекеттік Думасының мүшелігіне қатарынан екі рет Торғай облысы қазақтары атынан сайланады. 1906 жылы 2 шілдеде дума отырысында сөз сөйлеп, аграрлық комиссияға қазақ депутаттарын енгізуді ұсынған. Депутат А.Қалменев екеуі қазақ жерінде қоныс аударушыларды жерге орналастыру комиссияларының заңсыздықтары туралы жоғарғы үкімет билігіне сұрау салған тұлға.
«Біздің мектебімізге Ахмет Бірімжановтың есімін беру бірнеше жылдан бері айтылып келді. Биыл қаңтардан бастап құжаттарын заңды түрде дайындадық. Содан бері біраз зерттеулер жүзеге асырылды. Ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Білім ордамыз тұлғаның атына сай болуы үшін логотипін, мақсатын түгел өзгерттік. Келешекте мектеп қабырғасынан архив, музей ашу мақсатында туыстарымен жақын араласып, қажетті мәліметтер жинап қойдық. Жақындары біздерге қол ұшын созып, естелік заттарын береміз деп отыр», – дейді мектеп директоры Кенжебек Шайхыбеков.
Ахмет Бірімжановтай тарихтың көлеңкесінде қалып қойған тұлғаның есімінің қайта жаңғыруына үлес қосып жүрген ұрпағы Ертай Қарабала бұл бастама осыдан үш-төрт жыл бұрын көтерілгенін айтты.
«Ахмет атамызды ұлықтап, насихаттау жолында біраз жұмыс жүргіздік. Жалпы Ахаң туралы біраз айтуға болады. Тарихшылар да зерттеп жатыр. Торғайда Орекен Алматов деген ағамыз болды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып жүргенде осы тұлға жайында ұсынысын айтқан еді. «Шеген әулетінің тұлғалары туралы неге жазбайсың?» деп үлкен ой салғанынан бастап зерттей бастадым. Ескі әкемнің құжаттарын ақтарып, Ахмет юст туралы мақаламды жазып шықтым. Кейін тоқсаныншы жылдардың орта кезінде республикалық «Қазақ», облыстық «Қостанай таңы» газеттерінде жарық көрді. Мұса тарханнан бастап деректі материалдар жариялай бастадым. Ғазымбек Бірімжанов, Қорғанбек атамыздың кенже баласы Мұхтар туралы да зерттеу материалдарын тараттым. Осы еңбегіміз ескеріліп, білім ордасы аяулы тұлғаның есімін алып жатыр. Ұсынысымызды қолдаған облыс, қала басышылығына айтар алғысымыз шексіз», – дейді Ертай Қарабала.
Негізі, ол кісі жөнінде аз айтылып келе жатқан жоқ. Жас алаш қайраткері қазақ даласына талантты ақын ретінде танылған. 1932 жылдары ұсталып, итжеккенде қайтыс болады. Міне, Шеген әулетінен Ахмет, Ғазымбек, Мұхтар сынды үш бірдей арыс шыққан. Есімі берілген білім ордасына осы кісілердің ұрпақтары жиналды. Солардың бірі ҚР ІІМ құрметті ардагері, полиция полковнигі Кеңес Жұмақанұлы Арыстанов мектептің қабырғасына қойылған мемориялдық тақтаны өз қолымен ашып берді.
«Ахмет атамыз патша үкіметі кезінде Қазан университетін бітіріп, госдумаға екі рет депутат болып сайланды. Қазақ халқын қорғап сөз сөйлеген. Идеологияның дұрыс еместігін трибунада сынаған. Кеңес үкіметі кезінде біздің әулет кейін үлкен зәбір көрді. Сол кісінің аты енді жаңғырып, ақтаңдақ болып қалған тарихымыз көктеп жатыр деп айтуға болады. Мектепке сол атымыздың атына беріп жаңарып жатырсыздар. Жан-жақтан ағайын жиналып, баршаңызға үлкен алғысымызды айтамыз. Есімін биік ұстап, үнемі мақтан етіп жүрейік», – деді Кеңес Арыстанов.
Тұлғаға арнап облыстық Л.Толстой әмбебап кітапханасы әзірлеген кітап көрмесі, Еркөкше Еркебұланұлының шәкірттерімен дайындағын қолөнер көрмесі жиналғандардың назарына ұсынылды.
Ашылу салтанаты Алашорда қайраткерінің құрметіне арналған ғылыми конференцияға ұласты.
Осы жиынға арнайы келген жазушы ғалым, Қазақстан-Грузия елдеріне еңбегі сіңген тұлға Тұрсынбек Токин ақ батасын берді.
«Бұл кісі өзі текті ұрпақтан шыққан. Атасы Шақшақ Жәнібек қазақта бірінші фельд маршал атағын алған. Одан туған Дәуітбай тархан атағын алғаны тарихтан белгілі. Ахмет Бірімжанов Қазанда Ленинмен бірге оқыған. Орынборда, Қызылдордада әділет органдарын басқарған. Кейін Түркияға кетеді. Көп қудаланды. Қазақтан алғаш заң академияны бітірген осы кісі. Қарындасын, менің анамды Санк-Птербургтегі гимназияға оқуға апарды. Ол кісінің еңбегінің бағаланып жатқанына ризамыз, көпті құдай беріп, ұзағынан сүйіндірсін!» – деді Тұрсынбек Токин.
Ұрпақтары атынан Лейла Айтхожина Шеген әулетініен шыққан тұлғалардың отбасылары жайында зерттеулерін ортаға салды. Роза Абдулкәрімова Ахметтің ұлы Батырбек Бірімжановтың ғылыми жолын сөз етті.
Химик ғалымның өз қолымен жазған жинағын мектеп ұжымына тарту етті. Торғай музейлер кешенінің жетекшісі Гүлбану Сәрсекей мен Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің директоры Марғұлан Оспанов Ахмет Бірімжановтың қайраткерлік қырын әңгімелеп берді.
«Қазақтың тұңғыш мектебі Торғай жерінде ашылғанын білесіздер. Кезінде сол білім отауын Ыбырайға ашуға көмек қолын созған Шеген бидің ұрпағы Бірімжан атамыз. Кейін Кеңес үкіметі кезінде сол мектеп белгісіз себептермен құлатылды. Еліміз егемендігін алып, білім қара шаңырыағының орнына Ыбырай музейі бой көтерді. Осы музейде Шеген әулетіне қатысты экспонатттар да сақтаулы тұр. Жан-жақтан меймандар келгенде музейдің табалдырығынан төріне дейін тағзым етеді. Міне, барымызды қадір тұту дегеніміз осында жатыр», – деді Гүлбану Сәрсекей.
Тарихшы Данияр Ихсан Ахмет Бірімжановтың інісі Ғазымбек Бірімжанов туралы деректерімен таныстырып өтті.
Ғалымның айтуынша, Ғазымбек Бірімжановтың адам болып болып қалыптасуына ағасы Ахметтің үлесі зор. Торғай облысының генерал-губернаторы Страховскийге Ғазымбекті оқуға алғызу туралы хат жазады. 1909 жылы Строховксийдің степендиясымен оуға түсіп, 1917 жылы Ғазымбек Орынбордағы реалды училищені бітіріп шығады. 1920 жылы Ташкентке аттанады. Оған Ахмет Байтұрсынов себепші болған екен. Өйткені 1917 жылы Мәскеудегі академияға құжатын тапсырып, жарты жылдан кейін жұмыс бабына орай оқуын тоқтатады. 1920 жылы қарашада қайта хат жазып, сол кездегі Оқу-ағарту министрі болған Ахмет Байтұрсынов мұны Ташкентке жібереді. Себебі, ол жақ Алашорданың инерциялы орталығы болып қалыптаса бастаған шақ еді. Содан Санжар Аспандияров 1922 жылы төрт қазақты Германияға оқуға жібереді. Олардың арасында бір топ жастармен бұл да оқуға аттанады. Басында жағдай болмай, ашаршылыққа тап болады. Сол кезде қазақ азаматтары ұйымдасып, Ғазымбектерге ақша жіберіп отырған. 1928 жылы елге оралып, Мемлекеттік сауда басқармасында қызмет істейді. Тәжірибе қурсына жіберілген жерінен большевиктерге ұсталып кете барады. 1929 жылы Карелияға жер аударылып, 1933 жылы еңбектері шыға бастаған. Алаш партиясының бағдарламалық нұсқасын қайтаркерлермен бірге жасасады. Жуырда Астандағы Абай атындағы мектепте осы кісіге арнайы кабинет ашылмақ.
Айбек ҒАЛЫМҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев