25 мая, 2025
Басты міндет – жас ұрпаққа сапалы білім беруге жағдай жасау

Басты міндет – жас ұрпаққа сапалы білім беруге жағдай жасау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлерде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы іске асырылуда. Қостанай облысында жоба аясында 4500 орындық 6 мектеп салу жоспарланған.

Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 31 млрд теңге қарастырылды. Бұлар – осы уақытқа дейін Қазақстанда болмаған, оқушыларды жан-жақты дамытуға бағытталған білім беру ортасын құратын заманауи, жайлы мектептер. Жайлы мектептер қалаларда және облыстардың ауылдарында салынуда.

Ұлттық жобаның аса ерекшелігі – мектептерді салу және тапсыру «дайын күйінде» болады, яғни салынған мектептер оқу процесіне қажетті жабдықтар және кабинеттермен жабдықталған, әлемдік трендтерге сай заманауи құралдар, жиһаз, оқу процесін сапалы ұйымдастыруға қажетті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген.

Өткен жылдың қараша айында Қостанай ауданының Заречный ауылында 900 орындық және Арқалық қаласында 300 орындық мемлекеттік тілде оқытатын жайлы мектептер өз қызметін бастады.

 Ал үшінші тоқсанның басында қаңтар айында облыс орталығының жаңадан қарқынды дамып келе жатқан Әуежай және Береке шағын аудандарында 900 және 1200 орындық екі жайлы мектеп оқушыларға есіктерін айқара ашып, мектептерде өскелең ұрпақты оқытуға, тәрбиелеу мен дамыту үшін барлық қолайлы және заманауи жағдайлар жасалды.

Биыл Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылында 300 орындық және Рудный қаласында 900 орынға арналған мектептердің құрылысын аяқтайтын боламыз.

Жобаны іске асыру Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін толығымен шешеді: яғни, орындар тапшылығы мәселесі, балаларға қадамдық қолжетімділікте мемлекеттік тілде сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ауыл оқушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, қала мен ауыл арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді.

Жаңа мектептерде бастауыш, орта және аға буынды оқытуға арналған жеке блоктар, толығымен интерактивті жабдықтармен жарақталған оқу зертханалары бар физика, химия, биология пәндері кабинеттері, робототехника және компьютерлік сыныптар кабинеттері, мұғалімдер мен оқушыларға ғылыми жобалар мен зерттеулерде жасанды интеллектті пайдалануға және виртуалды тәжірибелерді жүргізуге мүмкіндік беретін STEM – зертханалар қарастырылған.

Мектептерде бірнеше спорт залы, жас бишілер айналысатын хореография залдары, жаңа жабдықтармен жасақталған жайлы асханалары бар.

Оқушылардың толыққанды дамуы мен демалысы үшін аулаларда қозғалыс ойындарына және демалуға арналған алаңдар орнатылады.

Мектептер ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға бейімделген, қозғалысы төмен азаматтар үшін лифт, пандустар жұмыс істейді, жабдықталған арнайы жуынатын бөлмелер, инклюзияны қолдау кабинеттері қарастырылған.

Балалар өздерінің таланттарын акт залына айнала алатын өнер студияларында дамыта алады. Еңбекке баулу шеберханалары оқу бағдарламасының түрлі бөлімдеріне арналған заманауи станоктар, тігін және ас үй жабдықтарымен жарақталған.

Мектептерде мемлекеттік тілдегі көркем кітаптардың үлкен қоры және оқу залдарымен кітапханалар, оқушылар мен педагогтар үшін ыңғайлы коворкинг аймақтары бар, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету — осының барлығы сапалы білім алу, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оқу кеңістігінде жайлы жағдай жасайды.
Әлеуметтік әсері мен маңыздылығы: 6 жайлы мектепте педагогтер мен техникалық персоналға арналған 450 тұрақты жұмыс орындары ашылады.

Ұлттық жоба білім беру үшін шынымен жаңа, заманауи стандартын енгізуде. Бұл ретте облыстың жұмыс істеп тұрған мектептерінде де білім беру ортасының жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін біршама жұмыстар атқарылуда.

Жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізуге қомақты қаражат бөлінеді. Мәселен, 4 жыл ішінде 52 білім беру объектісінде 17 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді (2021 жылы – 4,7 млрд теңгеге 18 күрделі жөндеу, 2022 жылы – 4,5 млрд теңгеге 12 күрделі жөндеу, 2023 жылы – 3,6 млрд теңгеге 15 күрделі жөндеу, 2024 жылы – 4 млрд  теңгеге 7 күрделі жөндеу).

Осы жылы 10 объектіні, оның ішінде 7 мектеп пен 3 балабақшаны күрделі жөндеуге 3,9 млрд. теңге бағытталады, жазғы кезеңде 2 млрд. теңгеге 63 білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеулер жүргізіледі.

Мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау жұмыстары жалғасуда. Биыл 258 млн теңге (5 биология, 5 химия, 5 физика, 5 робототехника, 1 STEM зертхана) ауылдық және шағын қалалардағы мектептер үшін жаңа модификациялы 21 кабинетін сатып алуға бағытталды.

Осыған орай, Қостанай облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру және жұмыс істеп тұрған мектептерде жас ұрпақты сапалы оқыту үшін жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Арман ӘБЕНОВ,
Қостанай облысы әкімінің орынбасары