Рудныйда жұмысшы мамандықтар жылына орай ауқымды іс-шара өтті

Рудныйда жұмысшы мамандықтар жылына орай ауқымды іс-шара өтті

Рудный политехникалық колледжінде «Менің мамандығым. Менің өндірістегі тәжірибем» атты халықаралық республикалық практикалық конференция өтті.
Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу және бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға жәрдемдесу бағытталған конференцияда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері кәсіби қызмет нәтижелерін ұсынды, өндірістік тәжірибеден өту тәжірибелерімен бөлісті.
Конференцияға 30 колледжден барлығы 104 білім алушы қатысты, оның ішінде Қостанай облысының 19 колледжі, республикалық 5 колледжі, Ресей Федерациясының 6 колледжі. 98 баяндама тыңдалды, Арқалық, Павлодар қалалары, Ақтөбе облысы, Астана қаласы, Ресей колледждерінен 39 қатысушы Яндекс-Мост платформасы арқылы онлайн-форматта сөз сөйледі.
Конференция жұмысы 12 секциядан өтті. Қатысушылар әлеуметтік серіктестерінің кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өту нәтижелерін ұсынды, сонымен қатар ұсыныстарын бере отырып, тәжірибелік оқытудың оң және теріс жақтарын көрестті. Конференция ең жоғары деңгейде өтті.

 

Жаңалықтармен бөлісу