Білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу аясында министрлік әлемдегі технологиялар саласындағы көшбасшылармен, мысалы, Coursera, Google, Nvidia, Huawei Technologies Kazakhstan, 01 Edu System және Binance Kazakhstan компанияларымен стратегиялық серіктестіктер орнатты.
Бұл келісімдер студенттер мен оқытушыларға ең жаңа білім беру платформалары мен курстарға қолжетімділік берді.
«Мұндай әлемдік алпауыттармен серіктестік оқытушылар мен студенттердің біліктілігін арттыруға және білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті министр.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова 2024 жылы жоғары білімнің цифрлық трансформациясы аясында үлкен қадам жасалғанын атап өтті. Олардың бірі өткен жылы Мемлекет басшысына таныстырылған AI-Sana бағдарламасы болды.
«Бұл бірегей бағдарлама 100 мың қатысушыны қамтиды және білім беру, зерттеу және қолданбалы тәсілдерді біріктіреді. Бағдарлама Stanford University, Imperial College London сияқты жетекші университеттердің әлемдік деңгейдегі сарапшыларының қатысуымен әзірленді. Біз оның жаңа технологиялар дәуіріне мамандар даярлау үшін берік негіз жасайтынына сенімдіміз», – деді Динара Щеглова.
Сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындары үшін жасанды интеллект стандарты қабылданды.
Нәтижесінде 20 жетекші университет 20 білім беру бағдарламасын әзірледі, бұл жасанды интеллекет саласындағы жаңа мамандарды даярлау үшін негіз болды.