«Балаларымызға үлгі болғымыз келеді» – Сыздықовтар отбасы

«Балаларымызға үлгі болғымыз келеді» – Сыздықовтар отбасы

Көп балалы отбасы, «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздары, Тобыл кентінің тұрғындары – ерлі-зайыпты Сыздықовтар сайлау учаскесіне бала-шағасымен бірге келді.

Отбасы мүшелері сайлауға қатысу азаматтық парызды орындау әрі балаларына елдің болашағына жауапкершілікпен қараудың маңызын өз үлгісімен көрсету деп санайды.

– Қоғам үшін мәні зор науқанға отбасымызбен бірге қатысу маңызды. Балаларымыз да ел өміріне бейжай қарамай, азаматтық жауапкершілікті сезініп өскенін қалаймыз, – дейді Сыздықовтар отбасы.

Сайлау учаскесінде жылы әрі достық атмосфера қалыптасқан. Аудан тұрғындары белсенділік танытып, ел өміріне деген қызығушылығы мен азаматтық ұстанымын көрсетуде.

Сыздықовтар Қазақстанның жарқын болашағы әр азаматтың ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, ортақ іске өз үлесін қосуынан басталатынын айтады.

– Қазақстанның болашағы бәрімізге ортақ. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасап, ел дамуына деген көзқарасын білдіруі керек деп ойлаймыз, – дейді отбасы мүшелері.