Амангелділіктер ажырамас бауырмашылдықтың үлгісін көрсетуде

Амангелділіктер ажырамас бауырмашылдықтың үлгісін көрсетуде

Амангелді ауданы бойынша Қазақстан Респубдликасының Құрылтай депутаттарын сайлау үшін барлығы 27 сайлау учаскесі құрылған.

Қазіргі уақытта барлық учаске де белгіленген талапқа сәйкес жұмыс істеп тұр. Сайлау учаскелерінде дауыс беруге қажетті жағдай толығымен жасалған.

 «Ауданымыздың тұрғындары Құрылтай сайлауына белсенді түрде қатысуда. Дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын білдіріп жатқан азаматтардың саны уақыт өткен сайын тұрақты түрде өсіп, артып келеді. Бұл аудан тұрғындарының елдегі маңызды қоғамдық — саяси науқанға, нақтырақ айтқанда елімізде алғаш рет өткізіліп отырған Құрылтай депутаттарын сайлауға қызығушылықтарын танытып жатқандарын көрсетеді.  Дауыс беру процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында сайлау учаскелерінде байқаушылар мен партия атынан сенім білдірілген өкілдер жұмыс жасауда. Сонымен қатар БАҚ өкілдері де толассыз жұмыс істеп жатыр. Барлық іс-қимыл қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдастырылған», — дейді Амангелді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Айнұр Ибраева.

Бір сөзбен айтқанда аудан тұрғындарының жаңашылдыққа деген құлшыныстары басым. Ел елдігін танытып, ауызбіршіліктерін көрсетуде. Мәселен, Кейкі батыр көшесінің тұрғындары өз учаскелеріне ұйымдасқан түрде келіп, нағыз бауырмашылдықтың, іргесі ажырамаған тату көршіліктің ерен үлгісін көрсетті. Жалпы, ел ішінен мұндай жағымды көріністерді көптеп кезіктіруге болады.

Мұрат Жүнісұлы

                                                                                                                Амангелді ауданы