Байғабылда электр стансасы өртке оранды

Байғабылда электр стансасы өртке оранды

Соның салдарынан Аманкелді ауданы Байғабыл ауылына жақын маңдағы ауылдарда да жарық өшіп қалыпты.

Ауыл әкімінің айтуынша, өрт кезінде ешқандай адам шығыны болмаған. Қазіргі таңда ауылдарға жарық толықтай берілген. Әлеуметтік нысандар еш кедергісіз жұмыс істеп тұр.

“Өрттің аумағы үлкен болған жоқ. Электр ағытылғаннан кейін өзінен-өзі сөнді. Ал шығып жатқан қою түтін электр майының түтіні. Ешқандай адамға залал келмеді. Екінші трансформатор іске қосылып ауыл халқына жарық берілді”, – дейді Байғабыл ауылдық округінің әкімі Асхат Зейнолдин.

Бейбіт НҰМҰХАНОВ

Аманкелді ауданы

Жаңалықтармен бөлісу