24 мая, 2025
Бағаны реттеу тапшылық болдырмау үшін қажет

Бағаны реттеу тапшылық болдырмау үшін қажет

Бағаның өсуіне қатысты алаңдауға негіз жоқ, себебі мемлекет жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Энергетика министрлігі мәлімдегендей, бір анығы — күрт өсім болмайды. Бірақ жанар-жағармай өндірісін тұрақтандыру және тапшылықты болдырмау үшін бағаны біртіндеп реттеу қажет. Мұнай өңдеу зауыттарының қазіргі қуаты өсіп жатқан сұранысты толықтай қамтамасыз ете алмайды. Бағаны кезең-кезеңімен реттеу арқылы шекаралас елдермен баға сәйкестігін қамтамасыз етіп, заңсыз экспорттың алдын аламыз. Сонымен қатар, бұл қадам зауыттарды жаңғыртуға қажетті қаржыны тартуға және ішкі нарықтың тұрақтылығын сақтауға жол ашады.

Арнұр АСҚАР,
сарапшы