Білімді қоғам – тұрақты экономикалық өсудің негізгі факторы. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп, оның стратегиялық маңыздылығын атап көрсеткен болатын.
Қостанай облысы – 6 жоғары оқу орны бар, Қазақстандағы маңызды білім орталығы.
2024-2025 оқу жылында өңірдің жоғары оқу орындарында 18 850 адам оқиды, бұл өңір үшін жоғары білімді дамытудың маңыздылығын көрсетеді.
Жаңа экономика құру жағдайында қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бірінші кезектегі міндет және бұл ретте университеттерді интернационалдандыру басты рөл атқарады.
Жоғары оқу орындарын интернационалдандыру және ынтымақтастық географиясын кеңейту кәсіби кадрларды даярлау мен ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың заманауи білім беру технологияларын кеңінен енгізуге мүмкіндік береді.
Қостанай облысының жоғары оқу орындары әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануға ұмтылып, халықаралық ынтымақтастық саласында жоғары белсенділік танытуда.
Қостанай облысының университеттері әлемнің әртүрлі өңірлері, соның ішінде Еуропа, Азия, АҚШ және т.б. елдердің жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық орнатқан.
Бұл түрлі ғылыми және білім беру қауымдастықтарымен байланыс орнатуға мүмкіндік беріп отыр.
Аймақтың жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастығы академиялық ұтқырлық бағдарламасы, бірлескен ғылыми зерттеулер, шетелдік мамандарды тарту, халықаралық конференцияларға қатысу, қос дипломды бағдарламалар сияқты әртүрлі формаларды қамтиды.
Айта кетсек, 2024 жылы алғаш рет Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Миннесота университеті (АҚШ) арасында Computer Science мамандығы бойынша қос дипломдық бағдарламаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.
Қазір бұл бағдарлама бойынша10 студент білім алуда.
Екі университеттің қос дипломдық бағдарламасы заманауи еңбек нарығының талаптарына жауап беретін, халықаралық тәжірибесі мен ғылыми зерттеу дағдылары бар жоғары білікті IT мамандарын даярлауға бағытталған.
Қостанай облысы жоғары оқу орындарының белсенді халықаралық ынтымақтастығы олардың жеке деңгейін көтеріп қана қоймайды, сонымен қатар бүкіл аймақтың дамуына, жаңа ресурстарды тартуға және инновациялар мен экономикалық өсу үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
Динара Қарымсақова,
Қостанай облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы