АЖЭК — тазалық науқанында  

АЖЭК — тазалық науқанында  

Арқалық жылу энергетикалық компаниясы (АЖЭК) «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық науқанының қысы — жазы белсенді қатысушысы.

Кәсіпорын өздеріне бекітілген аумақтарда, яғни Горбачев және Қайырбеков көшелерінің бойында қоқыс жинап қана қоймай, қажеттілігіне қарай әктеу,сырлау жұмыстарын да қоса жүргізеді.

Мысалы, мекеме күшімен қаланың су тазарту қондырғысының қоршауы жаңа кейіпке ие болуда, Қайырбеков көшесі, 25 мекен-жайында орналасқан АЖЭК кәсіпорынның бас кеңсесінің қоршаулары боялып, қураған ағаштар кесіліп т.б абаттандыру жұмыстары атқарылу үстінде.

blank

Қазіргі уақытта қалада Қайырбеков көшесі бойында көпқабаттытұрғын үйлердің қасбетін жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Теміржол вокзалы қайта құрылып, маңайы абаттандырылуда.

Бір айта кетерлігі, айналасының бәрі көркейген мекеме бас ғимаратының қасбеті жөндеуді қажет ететіні байқалып қалды.

Мекеменің баспасөз хатшысы Виталий Саяпиннің айтуынша оны өз бетінше атқаруға компанияның қаражаты жетпейді. Егер, осы іске демеушілік тарапынан мүмкіндік болып жатса құптарлық болар еді»,-дейді ол.

  Мұрат Жүнісұлы

                                                                                                         Арқалық қаласы