Ауылым алтын бесігім

Ауылым алтын бесігім

Жамбыл ауылдық округіне қарасты Алтын дала ауылында «Толеранттық қағидалары негізінде оқырмандардың рухани адамгершілік тәрбиесін арттыру» аясында өлкетану кітапхана керуені өтті.

Іс -шара ауылдық мешіттен бастау алды. Ауыл мешітінің имамы Ахмет Берік Хамитұлы ауыл тұрғыны Айсағалиев Өмірзақтың отбасында дүниеге келген нәрестеге азан шақырып , ат қойды Азан шақырып ат қою рәсімі — ислам дәстүрінде маңызды діни және мәдени сәттердің бірі. Бала дүниеге келгеннен кейін оның құлағына азан шақырып, ат қою – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүннеті.

Бұл рәсімде баланың құлағына ең алғаш естілетін сөз — Алланың ұлы есімі мен иман сөздері болады. Одан әлі нәрестені бесікке салар рәсімі жасалды.

Бесікке салу — қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеудегі ерекше дәстүрі мен жоралғысы. Бұл — нәрестені алғаш рет бесікке бөлеу рәсімі. Ол бала өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі болып саналады.

blank

Бұл дәстүр сәби дүниеге келгеннен кейін, әдетте қырқынан шыққан соң жасалады. Бесікке салу рәсімі ауылымыздың ардақты әжесі Бақанай әжеге тиесіленді.

Қазақ халқының салт -дәстүріне сай жөн- жоралғылар жасалып, қонақтарға сыйлық таратылды, Одан әрі ауыл шетінде орналасқан ҰОС ардагеріне арнап қойылған ескерткіш басында кітапханашы ауыл тарихын баяндап берді.

Кітапханашылар ҰОС қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан әрі Қ. Каримов атындағы жалпы білім беретін мектебінде орналасқан «Ауылым алтын бесігім» атты өлкетану мұражайымен танысып, жалғасын тапты. Соңынан ауылдық клубта ауылдың көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен тамашалады. Мұндай маңызды іс- шаралар жас ұрпақтың салт-дәстүрді біліп өсуіне ықпал етеді. Бұл олардың ұлттық болмысын, тарихи жадысын сақтауға, өз тамырын ұмытпауына сеп болады. Жас ұрпақ тек заманауи біліммен ғана емес, ұлттық дәстүрмен де сусындауы керек. Өйткені тамырын ұмытқан ағаш көктемейді, ал дәстүрін ұмытқан халық әлсірейді деген екен.

 

Айткүл Кудесова,

Алтын дада ауылдық кітапханашысы