Ауылдық округтердің табысы екі жарым есеге ұлғаяды

Ауылдық округтердің табысы екі жарым есеге ұлғаяды

Бұл туралы үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

“Ауылдардың экономикасын қарқынды дамыту үшін ауыл бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайту қажет. Осы мақсатта бюджеттің IV деңгейіндегі кірістерін 2,5 есе арттырып, 167 млрд теңгеге жеткізуге мүмкіндік беретін қосымша салықтар мен төлемдердің кейбір түрлерін беру жоспарлануда”, – деді Нұрлан Байбазаров.

Атап айтқанда олар – жеке және заңды тұлғалардың мүлік салығының 50%-ы, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым, пайдаланғаны үшін төлемақы және жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем.

Жаңалықтармен бөлісу