Қазақстанда виртуалды ұялы оператор пайда болуы мүмкін

Қазақстанда виртуалды ұялы оператор пайда болуы мүмкін

Ұялы байланыс нарығындағы бәсекелестікті ынталандыру үшін виртуалды ұялы байланыс операторына заңнамалық деңгейде құқықтық мәртебе беру туралы бастама көтеріліп жатыр.

Мұндай түзетуді депутаттар байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасында ұсынды. Бұл туралы заң жобасы авторларының бірі, ҚР Парламент Мәжілісі “AMANAT” партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева  бөлісті.

“Виртуалды ұялы байланыс операторының өз инфрақұрылымы жоқ. Қызмет түрін басқа  тасымалдаушылардан жалға алады. Әмбебап SIM карталарын қолдана отырып, үздіксіз бірнеше оператормен жұмыс жүргізе алады. Бүгінде қолданыстағы қазақстандық ұялы байланыс операторлары барлық жерде ұстай бермейді. Виртуалды оператор осы олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Бағасының жоғары болуына байланысты сервистері мен қосымша қызметтері сапасы жағынан сәйкес келуі тиіс”, – деп атап өтті Екатерина Смышляева.

Депутаттың айтуынша, заң жобасын әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе ескерілген. Виртуалды ұялы байланыс операторына құқықтық мәртебе берілсе,  ТЖ қызметтерінің, жол патрульдерінің және басқа да жедел қызметтердің кейбір проблемалық мәселелерін шешуге көмектескелі тұр.

Жаңалықтармен бөлісу