Ұстаздар күніне орай «Ауыл» партиясының Қостанай облыстық филиалы өңірдегі педагогтарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады.
Мерекелік шарада филиал төрағасы партия атынан аудандық колледждердің оқытушылары, Қостанай қаласындағы білім беру мекемелері мен ауылдық мектептердің ардагерлері мен белсенді ұстаздарға алғыс айтып, олардың ел болашағын тәрбиелеудегі еңбегін ерекше атап өтті.

«Ұстаз – елдің ертеңін қалыптастыратын, ұлттың ұстыны саналатын тұлға. Қай салада еңбек етсе де, әр ұстаздың жүрегі – Отанға, жас ұрпаққа деген сүйіспеншілікке толы. Сіздердің еңбектеріңіз біз үшін қашанда қадірлі, – деді филиал төрағасы Нұркелген Өтеулин.
Салтанатты жиында бірқатар ұстаздарға партия атынан «Ауыл» партиясының 25 жылдық мерейтойына арналған арнайы медальдар табысталды.

Бұл марапаттар партияның білім саласына қосқан үлесі үшін білдірген зор алғысының белгісі болды.
Мерекелік кешке қатысқан ұстаздар мен ардагерлер «Ауыл» партиясының жылы лебізіне ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта ел болашағы үшін аянбай еңбек ете беретіндерін жеткізді.
