«Ауыл» партиясы донор күніне атсалысты

«Ауыл» партиясы донор күніне атсалысты

Дүниежүзілік донор күні қарсаңында Қостанай қалалық Қан орталығында жүрегі кең жандарға – донорларға арналған мерекелік іс-шара өтті.
Таңғы сағат 8:00-ден бастап қала тұрғындары қан тапсырып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету үшін Қан орталығына ағылды. Олардың әрқайсысы адам өмірін сақтап қалуға өз үлесін қосты.

Сағат 10:00-де мерекелік бағдарлама басталды. Іс-шара барысында шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетулері ұйымдастырылып, ұйымдастырушылар, серіктестер мен демеушілер тарапынан құттықтаулар мен алғыс сөздер айтылды.

Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі – донор мен пациенттің кездесуі болды. Сондай-ақ пациенттердің донорларға шынайы алғысын білдірген бейнеролик көрсетіліп, жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады. Бұл көріністер ешкімді бейжай қалдырмады.

Іс-шараға «Ауыл» партиясының Қостанай өңірлік филиалы белсенді түрде қатысты. Филиал өкілдері мерекенің демеушілері ретінде ғана емес, сондай-ақ донор ретінде де қатысып, қайырымдылық пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.

blank blank blank blank blank blank

Барлық донорларға, ұйымдастырушыларға, серіктестер мен демеушілерге игі іске қосқан үлестері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің жанашырлықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз көптеген адамдардың өмірін сақтап, оларға үміт сыйлайды.