Ауыл балаларына арналған шахмат турнирі өтті

Ауыл балаларына арналған шахмат турнирі өтті

Науырзым ауданына қарасты Қарамеңді ауылында орналасқан Жамбыл жалпы білім беретін мектебінда оқушылар арасында алғаш рет шахматтан турнир ұйымдастырылды.

Бастапқыда жарысқа 21 оқушы қатысады деп жоспарланған болатын. Алайда отбасылық жағдайлар мен тұмау ауруына байланысты 10 оқушы турнирге қатыса алмады.

Соған қарамастан, жарысқа 11 оқушы қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.

– Турнир 5–9 сынып оқушылары арасында блиц форматта өтті. Әр ойыншыға 5+5 уақыт белгіленіп, жарыс жоғары қарқынмен және қызықты жағдайда ұйымдастырылды. Бұл формат оқушылардың жылдам ойлау қабілетін, логикалық шешім қабылдау дағдыларын шыңдауға мүмкіндік берді. Жарысты өткізудегі негізгі мақсат – ауыл балалары арасында шахмат ойынын дамыту, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, зияткерлік қабілеттерін жетілдіруге жағдай жасау, – дейді турнирді ұйымдастырушы Дамира Қонарбаева.

blankblank

Аталған білім ордасында өткен жарыс нәтижесі бойынша, «Мектеп чемпионы» Адай Бекарыс, бірінші орынды Серік Бекзат, екінші және үшінші орындарды Барбол Батырхан мен Мұхаммедқали Ернұр еншіледі. Бұл бастаманың ауыл балалары арасында зияткерлік ойындарға деген қызығушылықты арттырғанын көрсетеді.

 

Тимур ШАГИРОВ,

ҚӨУ журналистика мамандығының 4 курс студенті

Науырзым ауданы