Арқалықта жаңа Конституцияны түсіндіруге арналған диалог алаңы өтті

Арқалықта жаңа Конституцияны түсіндіруге арналған диалог алаңы өтті

Арқалық қаласы әкімдігі мен Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық университеті бірлесіп, «Конституция: маңызды мәселелер қарапайым тілмен» атты диалог алаңын өткізді.

Іс — шараға университет профессорлары, оқытушылар, ақсақалдар кеңесі және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Жиында спикерлер басты заңымызға жасалғалы отырған реформа жайын қарапайым тілмен жан — жақты ұғындырды.

Жиында спикерлер басты заңымызға жасалғалы отырған реформа жайын қарапайым тілмен жан — жақты ұғындырды.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Басты заңымыздағы білім мен ғылымды дамытудағы басымдықтар жайында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті аппараты басшысының міндетін атқарушы Нұралы Өтеген ой-тұжырымын ортаға салды.

blank

«Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының 3-бабының 2-тармағында мемлекет адам капиталын, білімді, ғылымды және инновацияны дамытуды өз қызметінің стратегиялық бағыты деп танитыны нақты бекітілген. Бұл норма білім мен ғылымды тек әлеуметтік сала емес, ұлттық қауіпсіздік пен тұрақты дамудың негізгі факторы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді», – деді Нұралы Оразбекұлы өз сөзінде.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2026 жылдың 15 наурызында референдум өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім еліміздің саяси өміріндегі маңызды жаңалық болып табылады. Келелі жиында Референдум өткізудің еліміз үшін маңыздылығы мен оған әр азаматтың үлес қосуы қажет екені жеткізілді.

blank

«Конституцияға енгізілген өзгерістер, ең алдымен, азаматтар мен билік арасындағы сенімділік пен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған. Бұл өзгерістер елдің болашағын жақсартуға және мемлекеттің құқықтық жүйесін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Енді біз бәріміз үшін үлкен мүмкіндікке ие болдық – жоғарыда айтылған өзгерістер мен реформаларды жүзеге асыру үшін референдумға қатысуымыз қажет. Бұл – біздің азаматтық құқығымыз әрі парызымыз», – деді Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті, Тарих және өнер факультетінің аға оқытушысы Баубек Елеусов.

Конституция — мемлекеттің негізгі заңы. Ол билік жүйесінің құрылымын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің даму бағытын айқындайды. Осы ретте қалалық Заң бөлімінің бас маманы Нұрәділ Алмат Республикалық Референдум мен жаңа Конституциялық реформаның маңызын егжей — тегжейлі баяндады. Ол реформаның мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға, билік тармақтары арасындағы тепе — теңдікті күшейтуге және азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталғанын жеткізді.

blank

Спикерлердің сөздерінен көрінгендей, жаңа Конституция елдің құқықтық мәдениетін арттырып, азаматтық қоғам мен мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін күшейтуге, сонымен қатар білім мен ғылымды ұлттық даму стратегиясының негізгі факторы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

 

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы