15 ақпан Ауғанстаннан Кеңестің шектеулі әскери контингентін шығару күніне орай 50 АЕК мөлшерінде (184 600 теңге) қаражат төленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, 2024 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толады.
Осыған орай елордада Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлері бірқатар әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылады.
Атап айтқанда:
– қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікті жол жүру;
– тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
– екі жылда бір рет тіс протездеу қызметтері
– ай сайын коммуналдық қызметтер үшін 4,5 АЕК мөлшерінде (16 614 теңге) ақшалай өтемақы.
Сонымен қоса 15 ақпан Ауғанстаннан Кеңестің шектеулі әскери контингентін шығару күніне орай 50 АЕК мөлшерінде жылына бір реттік төлем беріледі, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, елордада бүгінде 1210-нан астам Ауған ардагері тұрады.