Ауған соғысының ардагерлері бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен бірдей құрметке ие. Он жылға созылған соғыстан, от пен оқтың ортасынан аман-есен оралған батырлардың бүгінгі ұрпаққа айтары да мол.
Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35жыл толуына арналған ерлік сағатында осы Ауған жеріндегі шайқаста ерлік жасаған азаматтардың әңгімелері тыңдалды.
6697 әскери бөлімінің сарбаздары нағыз ерліктің үлгісін көрсеткен ардагерлермен танысып, сол сәтті аз да болса сезінгендей болды.
Ардагер Марат Ғалымұлы:
“Сол кезде соғысқа қатысқан жастардың алды қазір 75 – те, арты біз енді 56-ға қарадық. Дегенмен, осы күнді барлығымыз сол соғыста қаза тапқан достарымызды еске алу үшін күтеміз. Бүгін сарбаздарға ерлік сабағына қатысып батыр болып тумайды, батырлық қанға біткен қасиет екенін айтып, жылдық әскери өмірден тек жақсы қасиеттерді қалыптастыру керек”, – деп жас сарбаздағрға баталы сөзін айтты.