Аманкелді ауданының орталығын топан су жайлады. Ол туралы село тұрғыны Әлия Ахметова хабарласты.
“Аманкелді ауданына су тасқыны келіп, үйім суға кетіп жатыр. Мал қора, гараж, көмір сарай бәрі кетті. Үйге шақ қалып, табалдырыққа дейін келіп тұр. Төтенше жағдайлар бөліміне екі рет хабарластым. Бір хабарласқанда Дархан Бүркітов деген бала алды. “Қазір жиналыс ашып жатыр. Ойластырып жатырмыз” деді. Содан хабар келген жоқ. Екінші хабарласқанда басқа адам алып ренжіді “жалғыз сіз кетіп жатсыз ба?” деп дүрсе қоя берді. Қазір сағат тоғыздан кетті, бала-шағамен не болатынымды білмеймін”, – деді қария.
Сыртта тұратын Ақтоты Серікжанқызының да жанұясы суға кеткен.
“Бір аттам жерден көмір такси алмай жүрген шалдың түрі анау”, – дейді анасы көзін жасқа бұлап.
Қысқасы, әркім жақынын қармап, қиындықтан аман алып қалып жатқан жайы бар. Осындай жағдайда қазақта бірігу деген ұғым қайдан болсын.