Қарғын су орталыққа жетті: 45 үйге қауіп төніп тұр

Қарғын су орталыққа жетті: 45 үйге қауіп төніп тұр

Дәл қазір Аманкелді селосындағы 12 үйді су басты. Оның үшеуі бір пәтерлі жеке жайлар.

Ауылдықтар 120 тоннаның маңайында аулаларға құм төсеп шықты.

Қазір мобильді топтан құралған бригадалар Әнуар Боранбаев орта мектебінің маңайын торлап жүр.

Ол жердегі алаңның ортасын судан тазартудың қамына кірісіп кеткен. Аманкелді ауданының орталығында орналасқан Таңатқан палуан, Ахмет Байтұрсынұлы көшелерінің тұрғындарынан да шағым түсті.

Әзірге аудандағы осындай 45 үйге қауіп төніп тұр деп жазады әкімдіктегілер.

https://youtu.be/M8MiIcDCPQE?si=bL9UP2Mc8fWDv3FN

Жаңалықтармен бөлісу