Бүгін Әкелер күнін мерекелеу қарсаңында Рудныйда ақсақалдар кеңесінің, қалалық ардагерлер кеңесінің, мәслихат депутаттарының, қаланың қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен кездесу өтті. Олар екі мәселені талқылады: Әкелер күнін мерекелеу және қалалық әкелер кеңесінің жұмысы. “Қоғамда әкенің орнын айшықтауға арналған мерекенің пайда болғанына қуаныштымын. Отбасылық құндылықтарды насихаттау үшін біз, аға буын бар білгенімізді бөлісіп, ақыл-кеңес беруге әзірміз. Әкелер кеңесінің […]
Гүлжанат Керібаева: “Орманға баруға тыйым салынды”
Орман шаруашылығына жалақысының аздығынан ешкім барғысы келмейді. Қосымша жұмыс үшін төленетін үстемақы осы жылдың шілдесінен бастап қана қосылады. Техника мәселесі де күрделі. Өртенген орман алқабын қалыпқа келтіру жұмысы бәсең, өйткені техника бірлігі жетіспейді. Орман шаруашылығы төңірегіндегі мәселелерге Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанат Керібаева жауап берді. – Гүлжанат […]
Судың да сұрауы бар
Жыл өткен сайын жер бетінде ауыз су тапшылығы айқын сезілуде. Біріккен Ұлттар ұйымының сарапшылары дүниежүзінде таза суға мұқтаж тұрғындардың көбейгенін айтуда. Бұл жағдай біздің елімізді де айналып өтпейтіні анық.
Сенімді айқындайтын қоғамдық жұмыс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев демократиялық қағидаттарға негізделген Әділетті Қазақстанды құру іргелі міндет болып саналатын жүйелі қайта құру мен түбегейлі саяси және экономикалық реформалар процесін іске қосты.
Онлайн сатып алу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары
Соңғы жылдары көптеген бизнес құрылымдар онлайн-сауда индустриясын белсенді түрде дамытуда және интернетте сатудың көбірек арналарын ашуда. Бүгінде, егер сізде Интернет болса, кез келген ыңғайлы жерде онлайн режимінде сіз өзіңізге ұнайтын затты сатып ала аласыз, жақындарыңызға сыйлыққа тапсырыс бере аласыз.
Ел ертеңіне үмітпен қараймыз
Күн өткен сайын көркейіп, жыл өткен сайын жаңарған тәуелсіз еліміздің болашағына сеніммен қараймыз. Қазақ елі өзінің бай тарихында сан ғасырларды артқа тастап, бағыт-бағдары айқын кемелденген елдердің қатарына енді. Бүгінде елімізде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформалар соның айқын дәлелі. Қазақстанның «Құқықты, зайырлы мемлекет» екендігі барша дүние жүзіне паш етілді. Мемлекетті басқаруда әр іс […]
Ай сайын 5000 доллар алып келген – Антикор Әлтаевқа қатысты тергеу мәліметтерін ашты
Антикор тергеу барысында бұрынғы Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев ұсталған істің кейбір мәліметтерін жариялады. “Н.б. Әлтаев 2018-2019 жылдар аралығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі бола тұра, жүйелі түрде” Атамекен ” ҰКП Басқарма төрағасы А. Мырзахметовтен пара ретінде ай сайын 5 000 АҚШ доллары көлемінде ақша қаражатын алды деп күдіктенеді. Кейіннен Әлтаев […]
Қостанайлық мұсылмандар жаңбыр тілеп, тасаттық берді
Осы дәстүр аясында қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Діни рәсімге облыс әкімі Құмар Ақсақалов та қатысты.
Ашық айта бастадық
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы елдің рухын көтергені белгілі. Себебі, қазіргі кезде халық атқарушы билікпен тоқсан сайын кездесіп, өздерінің талап-тілектерін бүкпесіз ашық айтатын жағдайға жетті. Халық тарапынан айтылатын ұсыныс-пікірлер өте көп. Оны орындау жергілікті биліктің басты парызы деп ойлаймын. Түйіні түйдектелген мәселелердің оңтайлы шешілу жолдарын қарастырған жөн. Сөз бостандығы […]
Көңіл сыйлаған кеш
Қостанай облыстық балалар ауруханасында “Жаңа жол” бірлестігінің ұйымдастыруымен Балалардың қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Аталмыш бірлестік бір ай бұрын құрылған. Ұйым ауыр жағдайдағы балаларға қол ұшын созумен қоса әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысамыз деп отыр. «Бірлестігіміздің құрылғанына көп болмаса да қатарымыз жүз шақты адаммен толықты. Осы уақытқа дейін зейнет жасын төмендету, әлеуметтік мәселелер туралы бастамаларды […]