Бүгін Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтап, өткізгені үшін іздеуде жүрген азаматты экстрадициялау туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды.
Қостанайда “CyberPol” қызметкерлері бірқатар алаяқтық қылмысты ашты
Қостанай облысының полициясына Қостанай қаласының 6 тұрғынынан “Сіздің қызыңыз жол көлік оқиғасына түсті” деген дәстүрлі схеманы пайдалана отырып, оларды алаяқтар алдағаны туралы арыз келіп түсті. Залал сомасы 20 млн. теңгеден асады.
«Жастар рухы» жастарға қолайлы жағдай жасауда
Қостанайдың орталық алаңында ұйымдастырылған «Жастарға жұмыс» партиялық жобасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне әртүрлі саладан отызға жуық ұйым қатысты.
Бүгін «Тобыл» УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңін бастайды
“Тобыл» 2023 жылғы Еурокубоктың екінші кезеңіне шығу үшін біздің “Тобыл” Финляндияның “Хонка» командасына қарсы ойнайды.
Енді сарбаздар әскери борышын өз өлкесінде атқара алады
Жас сарбаздар ел алдындағы борышын өз өңірінде өтей алады, деп хабарлады 24 kz. 120-дан астам сарбаз Түркістан облысы бойынша департаментінің аумағына өз әскери қызметтерін жалғастыру мақсатында келді. Осыған орай ашық есік күні ұйымдастырылды.
Үш бірдей жүлдені қанжығалады
Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығы қарсаңында өткен облыстық домбырашылар байқауында жерлесіміз Қайсар Ниязұлының бабы мен бағы қатар жанып, үш бірдей жүлдені қанжығалап қайтты.
Бүгіннен бастап грант конкурсына өтініш қабылданады
13-20 шілде аралығында грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы өтеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Полицейлер төртінші қабаттан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды
Оқиға Арқалық қаласында болған. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстандықтарға коммуналдық қызметтердің шығындарын қалай өтеу керектігі түсіндірілді
Қазақстанда халықтың осал топтары коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтеуге сене алады. Мұндай тетік мемлекеттік тұрғын үй көмегін көрсету шеңберінде көзделген, деп хабарлайды Tengrinews.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасай отырып.
Алдағы үш күнде 45 градус ыстық болады
Синоптиктер 13-15 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz. Метеорологтардың болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағы арқылы өтетін батыс циклонына байланысты, 14-15 шілдеде солтүстік-батыста найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. 15 шілдеде елдің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз.