Арқалық қазақ жасөспірімдер театры Жаңа жылдық ертеңгілік қойылымдарын бастады. Көңілді шырша кешіне қала мекемелері мен ұжымдарынан, мектеп-балабақшалардан балақайлар ағылып келуде.
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің кандидатурасына келісім берді
Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына Серік Мақашұлы Жұманғариннің кандидатурасы келісілді.
Рухани байқау мәреге жетті
Қостанайдағы Л. Толстой атындағы әмбебап кітапханасы екінші жыл қатарынан қолға алынған маңызды жобаны қорытындылады. Жақын маңда тарихтың тағы бір бетін ашқалы отыр. Айтулы оқиға кітап әлеміне деген үлкен бір саяхаттың бастамасы болмақ. Ол туралы облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали «#ОқыЖәнеЖең» байқауының қортынды жиынында айтты.
Еріктілердің көмегімен бес жүз мың теңгеге жуық бюджет қаржысы үнемделді
Өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік” жобасы жүзеге асырылды. Бұл туралы өңірлік коммуникация алаңында өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Ұзынжас хабардар етті.
ҮЗДІК ПАЛУАНДАР МЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Қостанайда қазақ күресінен облыстық «Жас барыс» турнирі өтіп жатыр. Жарысқа өңірдің барлық ауданы мен қаласынавн 2007-2012 жылдары туған екі жүзден астам палуан келді.
Марат Омаров – Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті
Астанада ҚФФ президентінің сайлауы өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша 36 жастағы Марат Омаров ҚФФ президенті болып сайланды. Ол 34 дауыс жинады.
Сенаторлар нашақорлық қылмыстар туралы заңды мақұлдады
Есірткі саудасымен (сатумен) айналысқан лауазымды тұлға қызметтік өкілеттігін пайдаланатын болса 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылып отыр.
«Эйр Астана» Германияға жаңа бағыт ашады
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Кеншілер қаласында ұлттық құндылығымызды ұлықтайтын орталық ашылды
Рудный қаласының тұрғыны “Сартай” атауымен қазақтану және оқу орталығын ашты. Бұл орталық қаланың кішкентай бүлдіршіндеріне ана тілін тереңірек меңгеруге, сондай-ақ оны күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.
Жол бойында 59 адам құтқарылды
Бұл оқиға Денисов ауданында болды. Қарабұтақ-Қостанай автожолында автобус істен шығып, салдарынан қар құрсауында қалған 59 адам құтқарылды.