Осы жылдың соңына дейін облыста 450 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Қазірдің өзінде 413 мың шаршы метр қолданысқа берілген. Құрылыс тек облыс орталығы мен қалаларда ғана емес, аудандарда да жүргізілуде. Бұл мақсаттарға бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.
Денсаулық саласындағы ескі жүйеден қалай құтыламыз?
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен Қостанайдағы медицина мамандарының кездесуінде медициналық көмектің сапасыз көрсеткіші сөз болды. Сызықтық шкаланы алып тастау мәселесі қозғалды.
ҚОСТАНАЙДА ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫ ӨҢДЕЙТІН 2 ЖАҢА ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ
Аталған жобаны ірі Түрік холдингі қолға алмақ. Жобада дәнді-бұршақты және майлы дақылдардың барлық түрлерін өңдеу көзделген.
Министр әлеуметтік медициналық сақтандырудың жайын түсіндірді
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бүгінде жиі сынға ұшырайды. Көбінесе адамдар жарналарды төлесе де, қажетті және жедел көмек ала алмайды. Бұл туралы Қостанайға келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен кездесуде айтылды.
69 ірі жоба қолға алынды: Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге 22 млрд теңге қаржы бөлінді
Қостанайда «Аманат» партиясына қарасты барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші облыстық форумы болып өтті. Алқалы жиында халық қалаулылары партияның депутаттар фракциясының негізгі міндеттеріне тоқталды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орната отырып, өңірлердегі қордаланған мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын қарастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген сессиясына қатысты
Мемлекет басшысы Минск қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты. Беларусь Президенті Александр Лукашенконың төрағалығымен өткен саммитке еліміздің басшысымен қатар, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келді.
«9-20-25» баспана бағдарламасы келер жылдан бастап іске қосылады – Смайылов
Премьер-Министр Әлихан Смайылов елімізде жақын арада жаңа тұрғын бағдарламасы іске қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
Федоров ауданында медицина мамандарына арналған баспана салынып жатыр
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына барған сапарында тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Жақында аудан орталығында 24 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл үйдегі пәтерлердің жартысы медицина қызметкерлеріне арналған.
Құбырдан ба, жаңбырдан ба?
Үйімізді су алып кетті. «Қостанай-2» шағын ауданы Спартак көшесінің тұрғындары осындай шағым айтты. Ол қайдан келген су? Қазір нендей амал жасалып жатыр?
Полицейлер жылқыларын иесіне қайтарды
Алтынсарин аудандық полиция бөліміне 35 жастағы ер адам жүгінді. Ол 3 күн бұрын 45 бас жылқыны жайылымнан таппағанын хабарлаған.