Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде «Қазпошта» АҚ Арқалық қалалық филиалы 100 адамға «Наурызкөже» себеттерін таратты.

«Ұжымның ортақ ұйғарымымен осындай игі қадам жасап жатырмыз. Ниетіміз — халықтың жүрегіне қуаныш сезімін сыйлап, мейірімділік, қонақжайлылық сияқты асыл қасиеттерді насихаттау», – дейді «Қазпошта» АҚ Арқалық қалалық филиалының директоры Айна Тасқожайқызы.
Пошта қызметкерлері қашаннан халыққа жақын.

Үйді – үйге хат-хабар, газет-журналдар таратып, көптің алғысына кенелген пошташылар ұлы мейрам күні өздерінің шын ықылас –пейілдерімен қызметтерін тұтынушыларына Наурыз көжелері мен бауырсақтарын ұсынды.
Анар Нұрғалиева,
«Қазпошта» АҚ Арқалық қалалық филиалы директорының орынбасары:
«Бүгін ұлық мейрам. Күн мен түн теңеліп, ел ырысқа кенеліп жатыр. Әр үйде мәзірлі дастархан жайылып, үлкен – кіші мәз-мейрам болуда. Халқымыздың бойынан ізгі қасиеттер өшпесін деп тілейміз. Ортақ игі іске ақ ниетімізбен өз үлесімізді қосқанымызға қ»аныштымыз. Еліміз өркендеп, көркейіп, гүлдене берсін».
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген — автор
Арқалық қаласы
