Арқалықтық кәсіпкер «Алтын жүрек» медалімен марапатталды

Арқалықтық кәсіпкер «Алтын жүрек» медалімен марапатталды

Белгілі кәсіпкер, «ОЛВИ» ЖШС бас директоры Тамара Соколова Астана қаласында өткен «Әйелдер. Көшбасшылық. Инновациялар» атты ASTANA WOMEN SUMMIT – 30 жыл прогресс халықаралық форумына қатысып, марапатталып келді.

Маңызды алаң — пікір көшбасшыларын, сала сарапшыларын және жас кәсіпкер әйелдерді біріктіріп, тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және әйелдер көшбасшылығын дамытуға бағытталған.

«Мерейтойлық іс-шара Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының 30 жылдығына арналды. Еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істейтін қауымдастық қатарында 18 жастан 70 жасқа дейінгі 5000-нан астам әйел жолдастар бар.

Саммитте әйелдердің бизнес пен қоғамның әртүрлі салаларындағы жетістіктері, сондай-ақ әйел кәсіпкерлердің ұлттық экономикаға қосқан үлесі көрсетілді. Тәлімгерлік сессиялары халықаралық сарапшылар мен әйелдер қозғалысының көшбасшыларының қатысуымен өтті. Еліміздің әртүрлі аймақтарынан 500-ден астам адам, сондай-ақ 10-нан астам елден келген халықаралық сарапшылар, саясаткерлер және көшбасшылар қатысты»,-дейді Тамара Жәкенқызы.

blank

Халықаралық форум аясында 15 жастан 25 жасқа дейінгі іскер қыз-келіншектерге арналған «Start Up Women» ұлттық инновациялық идеялар байқауының нәтижелері жарияланып, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілді.

Қазақстан қауымдастығының барлық құрметті қайраткерлеріне естелік медалдар табысталған. Жерлесіміз Тамара Жәкенқызы «Алтын жүрек» медалімен марапатталды.

МҰРАТ ЖҮНІСҰЛЫ