«Еуразиялық банк» АҚ Арқалыққа ағаш аллеясын сыйға тартты

«Еуразиялық банк» АҚ Арқалыққа ағаш аллеясын сыйға тартты

Еуразиялық банктің демеушілік көмегімен Арқалық аймақтық ауруханасы аумағында жаңа ағаш аллеясы пайда болды. Банк өкілдері әлеуметтік жауапкершілік аясында аурухана ауласына көшеттер отырғызып, емдеу мекемесіне жасыл желек сыйға тартты.

Игі бастаманың мақсаты — экологиялық мәдениетті дамыту, қала ауасын жақсарту және пациенттер мен медицина қызметкерлеріне жайлы орта қалыптастыру. Отырғызылған ағаштар алдағы уақытта аурухана аумағын көркейтіп, тұрғындарға саялы демалыс орнына айналмақ.

blank

«Бүгін Арқалық өңірлік ауруханасында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Еуразиялық банктің демеушілігімен жаңа ағаш көшеттері отырғызылып жатыр.

blank

Атап айтқанда: Еуразиялық банктің облыстық филиалы Арқалық өңірлік ауруханасына демеушілік көмек ретінде 90 түп ағаш көшеттерін жеткізіп, оны отырғызу науқанына атсалысты.

blank

Осыған орай, Еуразиялық банк ұжымына зор алғысымызды айтамыз. Еліміздің гүлденуіне үлестерін қосып жатқаны көңіл қуантады. Осылай елдің тек алғысына кенеліп, банк ұжымы еңбектерінің жемісін көріп, тек биіктен көріне берсін. Ел-жұртымыз аман болып жасыл желектеріміз жайқалып өсе берсін»,-дейді Арқалық өңірлік ауруханасының директоры Нұрлыбек Жәнібекұлы.

blank

Ілкімді іс-шараға банк қызметкерлері мен аурухана ұжымы қатысты. Ұйымдастырушылар мұндай экологиялық акциялар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

blank

«Қостанай қаласынан арнайы келіп, осы іс-шараны өткізіп тұрмыз. Арқалық аймақтық ауруханасының және емханасының аумақтарына ағаш көшеттерін отырғызып, қаланы көгалдандыруға үлес қосып жатырмыз. Жас өскіндер оттегін жақсы бөледі. Денсаулыққа аса пайдалы. Еліміз үшін жақсы бір үлгілі іс істеп жатырмыз деп ойлаймыз»,-дейді «Еуразиялық банк» АҚ Қостанай облыстық филмалының әкімшілік бөлімінің басшысы Асылбек Байдалин.

blank

Ізгі істен ауылдық мекендерде шет қалған жоқ. Банк сыйға тартқан көшеттердің бірнешеуі аймақтық аурухананың Родина ауылдық округінде орналасқан бөлімшесіне де жол тартты.

МҰРАТ ЖҮНІСҰЛЫ

 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту бойынша ҚР агенттігі «Еуразиялық банк» АҚ-на 2020 жылғы 3 ақпанда №1.2.68/242/40 лицензия берді.