Бүгінгі әңгімеміздің арқауы кәсіпқой боксшы Торғай өңірінің атын әлемге танытып, еліміздің туын жеңіс тұғырында көтеріп жүрген азамат – Торғынбек Ғалымбекұлы Әміров жайлы болмақ.
Торғынбек Қостанай облысы Аманкелді ауданы Құмкешу ауылының тумасы. Жалпы Тормен (жолдастар арасындағы атауы) 1 курста оқып жүргенде, Ақжол деген досым арқылы таныстым.
Торғынбек ол кезде Қарағандыда спорт факультеттің 4 курс студенті.
Жалпы жастар арасында абыройлы екенін естіп жүргенмін. Танысып білісіп, «жылқы баласы кісінескенше, адам баласы сөйлескенше» деп Торғынбектің бойынан қарапайымдылық, адамгершілік деген қасиеттерді көрдім.
Жан-жағына көмек қолын созып,талай сол бір студенттік кездерде ашқұрсақ жүргенімізде ағалығын танытып көмегін аямаған. Басымыз дауға қалғанда да шешіп беріп жүретін.
Сол бір студенттік шақтың бір күнінде машинаммен келе жатып бір дүкенді соғып кетіп, тығырыққа тірелген сәтте, кезекті бір жеңісіне көрімдікке алған қойын сатып, шаруамды шешіп ол кезде де достық- жанашырлық танытты. Айта берсе, көп енді…
«Біреулердің өнегелі бір ісін,
Көре тұра көрмегендер құрысын.
Нең кетеді жақсы десең жақсыны
Нең кетеді дұрыс десең дұрысын», – деп Қадыр Мырза Әлі атамыз айтқандай, досымның адамгершілігін жүрген жерде айтып жүру азаматтық борышым болсын.
Бұл енді бойындағы адами қасиеттері болса, енді спорттағы ірілігі,жетістігі жөнінде аз-мыз тілге тиек етейін.
Торғынбек Ғалымбекұлы спорттағы лақап аты «THOR». Тоғыз жасынан бастап бокспен айналысады, жетінші сыныпқа дейін Арқалықта оқыған, кейін Қарағанды қаласының спорт мектебінде білімін жалғастырған.
Мектеп қабырғасында жүріп облстық,республикалық бокс жарыстарының жеңімпазы болды. 2020 жылы Алматыда өткен турнирде MTK Global промоутерлік компаниясының алтын келісімшартын жеңіп алды.
WBS және WBO белбеулерінің иегері. Қазіргі таңда «Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы Қостанай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы. Торғынбек бокспен қатар биыл жұдырықтасту (кулачный бой) турнирлерінде де бақ сынап, үш жекпе-жек өткізіп жеңіске жетті.
Ол жеңіл салмақтағы WRS Hard лигасының жаңа чемпионы атанды. Бұл жолы Матвей Тикиджиевті жеңіп,чемпиондық кулон мен 1 миллион рубль ұтып алды.
Бұл жеңістерде спортшының ғана емес жаттықтырушыныңда еңбегі зор. Бұл жеңістерде Торғынбекті баптап,жеңіске жігерлендірген бапкер – Дамир Абдреш. «Жаттықтырушы – спортшы өзіне сенбесе де, оған сенетін адам» деп осы қос батырға алдағы уақытта толағай табыстар,тұғырлы жеңістер тілейміз. Айта кетсек, Арқалықтың атын атойлатып жүрген Торғынбектің Ақбота есімді келіншегі және Томирис, Дәмелі сынды қыздары бар. Торғынбек досыма денсаулық тілеп,спортта әлемдік деңгейде көк туымызды желбірете беруін тілеймін.
Ақтан Серікұлы,
Арқалық қаласы
Көктау ауылы.