Арқалықтағы халыққа қызмет көрсету орталығына  жаңа ғимарат берілді

Арқалықтағы халыққа қызмет көрсету орталығына  жаңа ғимарат берілді

Арқалық қаласы бойынша ХҚКО, АХАТ, тіркеу және жер кадастры бөлімі, сондай – ақ халықты әлеуметтік қамсыздандыру қызметтері жаңа орында қызмет көрсететін болды.

 «Азаматтарға ыңғайлы болу үшін біз Мемлекеттік корпорацияның төрт фронт-офисін бір ғимаратқа шоғырландыру туралы шешім қабылдадық. Қала әкімдігінің қолдауымен жеке ғимарат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл орталықта мемлекеттік қызметтерді алуға барлық қолайлы жағдай бар», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыстық  филиалының директоры Миржан Жаңабаев.

Жаңа ғимарат үш қабаттан тұрады.

Бірінші қабатында халыққа қызмет көрсету орталығы, екінші қабатында әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі мен АХАТ бөлімі, үшінші қабатында тіркеу және жер кадастры бөлімі орналасқан. Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа қонысы қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін аймақтарға бөлінген. Сондай-ақ, ана мен бала бөлмесі, кең автотұрақ пен арнайы пандусы бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін аталған қызметтер қаланың әртүрлі мекенжайларында көрсетіліп келген. Енді, халыққа қажетті мемлекеттік қызметтің барлық түрі бір орталыққа шоғырланды.Мұндай жағымды жаңалыққа халық  дән риза.

    «Халықпен тығыз жұмыс істейтін қызметтердің бір жерден табылатыны көңілге қуаныш ұялатады. Ғимарат жақсы таңдалып, жөнделген екен. Қаланың орталығы, іші таза әрі жарық. Халыққа қызмет көрсету орталығының бірінші қабатта орналасқаны мүмкіндігі шектеулі жандарға, әсіресе, біз сияқты үлкен кісілерге өте қолайлы. Елдің қамын ойлап жатқан үкіметімізге зор алғыс», – дейді Көктау ауылынан келген зейнеткер Серік Байгелдіұлы.

 

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ 

Суреттерді түсірген автор

                                                                                                                      Арқалық қаласы

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу