Бұл іс бойынша күдікті деп танылған ер адам анықталып, ұсталды. Ведомство оның ұсталғаннан кейін де жасырынбағанын, бірден уақытша ұстау изоляторына қамалғанын растады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Болған оқиғаның мән-жайы туралы ведомство ақпаратында былайша түсіндіріледі:
“1 қараша күні таңертең Қостанай ауданындағы кенттердің бірінен өз үйінің ауласынан әйелдің мәйіті табылды. Анықталғандай, жәбірленуші де, күдікті де Ішкі Істер органдарының қызметкерлері болып шықты. Олар ресми некеде болып, ажырасу рәсімін күтіп жүрген. Қылмыстық істің тергеуін Ішкі істер министрлігі бақылауға алды. Өңірге министрліктің өзіндік қауіпсіздік және криминалдық полиция қызметкерлерінен тұратын топ жіберілді”.
Облыстық полиция департаменті