Облыстық ХХХІХ жазғы спартакиаданың аясында ғы Тоғызқұмалақшылар бәсекесіне облыстың 4 қала, 16 ауданынан 20 команда қатысып жатыр.
Жарыс қала орталығындағы Кейкі батыр атындағы мектептің спорт залында ерлер және әйелдер арасында жеке-жеке өтуде.

Төрешілердің айтуынша тоғызқұмалақ сайысы 7 турдан тұрады. Командалық есеп бойынша жарыс нәтижесі осы турлардан кейін барып шығады.

«Жарыс үш күнге созылады. Нәтижесі ақтық қорытынды бойынша белгілі болады», – дейді жарыстың бас төрешісі Дәулет Үмбетов.
Бас төрешінің мәлімдеуінше, тоғызқұмалақтан облысымыз республика бойынша жоғары нәтижеге ие.

Әсіресе, республикалық жастар чемпионатында 2-3 жыл қатарынан жастар және жасөспірімдер арасында командалық есепте де, жекелей есепте де 1-ші орынды иеленіп келеді.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы
