27 июня, 2025
Арқалықта мәдениет қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Арқалықта мәдениет қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Қала әкімі Әмірхан Асанов мәдениет саласының қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізіп, өңірдің өнер майталмандарына сый-құрмет көрсетті.

Мәдениет саласы өнерпаздарының еңбектері ерен. Жыл сайын түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, шығармашылықтарын шыңдап келеді. Мәселен, 2024 жылы Халықаралық – 2, республикалық – 3 және облыстық – 3 жүлде иегері болса, 2025 жылдың 5 айындареспубликалық – 4 және облыстық — 8 байқаулардан жүлделі оралды.

Айтыс өнерінің жас берені Нұрислам Рағатов — Көкшетау қаласында өткен А.Құнанбайұлының 180жылдығына арналған «Бала ақын- жас дарын» және Республикалық «Айтыс-рухани құндылықтыңбастауы» атты оқушылар арасындағы айтыстарда екі бірдей бас жүлдені қанжығалады. Мәдениет қызметкерлері арасындағыоблыстық «Жекпе-жек» байқауында Родина ауылының мәдени ұйымдастырушысы Мұратбек Әбдісалықов бас жүлдеге ие болды.

Халықаралық «Алтын микрофон-2025» байқауының облыстық кезеңінде арқалықтық 5 өнерпаз жүлделі орын алып, Халықаралық«Алтын микрофон-2025» байқауына қатысуға жолдама алды.

XXXVII облыстық«Өнеріміз саған, Қазақстан!» байқау-фестивалінің қорытындысы бойынша Арқалық қаласының өнерпаздары қалалар арасында 2 орынға ие болып, 2 миллион теңге жүлдеқоры табысталды.

Сондай – ақ, таяуда ғана А. Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы -2025» облыстық байқауында қалалық «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің «Тілдерді оқыту» орталығының қазақ тілі курсының оқытушысы Гүлжазира Жұмақанқызы бас жүлдеге ие болып, 150 мың теңгенің сертификатын еншіледі.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы