26 июня, 2025
Арқалықта «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық акция өтті

Арқалықта «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық акция өтті

4 маусым ҚР Рәміздер күніне арналған патриоттық акция Арқалық қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік аллеясында» жалауын желбіретті.

Ту көтеру мәртебесі гір спортынан ҚР чемпионы Сергей Боев пен Қазақ күресінен күресінен ҚР чемпионы Жансая Шегенге берілді.

Мемлекеттік рәміздер күінінің құрметіне еліміздің әнұраны шырқалып, қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтау сөз сөйледі.

«Рәміздер күні – барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздікке тәубе айтып, елдігімізді нығайту мен отан алдындағы жауапкершілігімізді айқындап тұрар күн. Мемлекеттік рәміздер халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізер ерекше құнды белгілер. Рәміздерге деген құрметі – азаматтардың патриоттық деңгейінің, ел болашағына деген сенім мен сүйіспеншілік сезімдерінің өлшемі»,– деп атап өтті қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтау сөзінде.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің студенті, қалалық жыр мүшәйрасының жеңімпазы Думан Исламғазұлы «Тәуелсіз елім, қазағым» атты өлеңін оқыды. Жас өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, қала аспанын әсем әуенге бөледі.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы