Арқалықта «Kaspi Bank» банкоматтары орнатылады

Арқалықта «Kaspi Bank» банкоматтары орнатылады

Арқалықта көптен күткен Kaspi Bank банкоматтары орнатылмақ. Бұл – қаланың әрбір тұрғыны үшін банк қызметтері бұрынғыдан да қолжетімді болады деген сөз.

2023-2025 жылдар аралығында қала әкімдігі тарапынан «Kaspi Bank» АҚ-на қалада банкомат орнату немесе банк бөлімшесін ашу туралы өтінішпен бірнеше рет хат жолданған болатын. Алайда ұзақуақыт бойы бұл мәселе шешілмей келген еді.

Биылғы наурыз айында ҚР Ұлттық банкіне және Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Б. Бейсенғалиевке Арқалық қаласында Kaspi Bank филиалын ашуға немесе банкоматтары мен төлем терминалдарын орнатуға көмектесу туралы үндеу жолданған болатын.

Міне, енді, елді мазалаған мәселе оң шешімін тапты. 2025 жылдың мамыр айына екі банкоматты: бірін «Torgay Plaza» сауда орталығында, екіншісін «Арқалық» сауда үйінде орнату жоспарланған.

Қала инфрақұрылымын дамыту және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы маңызды қадамға қолдау білдірген азаматтарға ел қазірдің өзінде зор алғыстарын білдіруде.

 

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ