Арқалықта кәсіби бағдар беру апталығы аяқталды

Арқалықта кәсіби бағдар беру апталығы аяқталды

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының аясында өткен  апталық студенттер мен оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға көмектесу және кәсіби дағдыларды дамытуға арналған маңызды шаралар кешеніне айналды.

Түрлі тренингтер, дәрістер, сауалнамалар мен көрмелер ұйымдастырылып, қатысушыларға дұрыс мамандық таңдау мен болашаққа кәсіби бағыт — бағдар алу жолдары көрсетілді.

Алғашқы күні Ы. Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ыбырай Алтынсарин: Білім беру жолындағы Ұстаздық ізі» тақырыбында дәріс өтіп, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасы жаңғыртылды. Сонымен қатар, І курс студенттері үшін «Менің мамандыққа жолым» тренингі өткізілді.

blank

Қаладағы Б.Майлин атындағы №3 ЖББМ-нің 11 сынып оқушыларымен «Менің болашақ мамандығым және қызығушылықтарым» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сондай-ақ, 4 курс студенттеріне арналған «Ұстаз болу — жүректің батылдығы» тақырыбындағы тренинг ұйымдастырылды.

blank

Апталық соңында 4 курс студенттері өздерінің өндірістік тәжірибелері бойынша «Менің мамандығым — менің болашағым» атты көрмесін өткізді. Көрмеде студенттер тәжірибе барысында алған білімдері мен дағдыларын көрсетіп, болашақ мамандықтары туралы өз кәсіби жоспарларын таныстырды.

blank

«Бұл апталық студенттер мен мектеп оқушылары үшін болашақта дұрыс мамандық таңдау және өз жолдарын жоспарлау үшін маңызды кезең болды.  Барлық іс — шаралар жастарға кәсіби бағыт алу, өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттерін дұрыс бағалау және болашақта таңдаған мамандықта жетістікке жету жолдарын көрсетуге мүмкіндік берді. Студенттердің мамандық таңдауға деген сенімділіктерін арттырды. Апталықты ұйымдастырған «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ студенттердің кәсіби бағытта дамуына зор үлесін қосты», – дейді университеттің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, профессор Ардақ Абдуллина.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

                                                                                              Арқалық қаласы