26 июня, 2025
Арқалықта «Домбыра айлығы» басталды

Арқалықта «Домбыра айлығы» басталды

Орталық «Демалыс саябағында» қалалық Мәдениет сарайы және Б.Байқадамов атындағы музыка мектебінің ұйымдастыруымен «Өнерге қанат қаққандар» атты мерекелік кеш шымылдығын ашты.

2018 жылдан бастап елімізде Президент Жарлығымен шілде айының алғашқы жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып белгіленіп, қазақ халқының бас аспабы – киелі домбыра күні кеңінен аталып өтіп келеді.

    Төл аспабымыз – «Ұлттық домбыра» күніне арналған айлық іс – шаралардың басталуымен жиналған халықты қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтап, өнерді дамытуға қосқан үлестері үшін жас домбырашылар Мағжан Сырымұлы, Даниил Вовченко және Дәулет Асқарғаоблыстық «Халық шығармашылығы мен кинобейнеқор» орталығының «Алғыс хаттарын» тапсырды.

«Ұлттық домбыра күніне» арналған айлық акция барысында алдағы бір ай бойы қала және ауылдық мекендерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, мәдени жұмыстар атқарылатын болады.Шілде айында «Ұлттық домбыра күнінің» құрметіне қалада мың домбырашы бір мезетте жеті күй орындамақ.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы