Арқалықта ауқымды сенбілік басталды

Арқалықта ауқымды сенбілік басталды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Арқалық қаласында да қарқынды жалғасуда. Кезекті сенбілікке қала әкімі Әмірхан Асановтың өзі бас болып жүріп қадағалау жасады.

Қала әкімдігінің аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер, қала мекемелері мен ұжымдары күш біріктіріп, Шақшақ Жәнібек көшесі,№59 үй маңайындағы қау болып өсіп кеткен арамшөптермен күрес жүргізді.

Бұл үйлер кенді шаһардың қала болып қалыптасуында алғашқы болып тұрғызылған баспаналардың қатарына жатады. Аулалары кең, қасына гараждар салынған.

blankБүгінде бұл маңайдың тазалығы мүлде сын көтермейді. Арамшөптердің қалыңдығы сондай арасынан адам көрінбейді. Ағаштар да адам қолы тимегесін бейберекет өсіп кеткен. Міне, қала әкімінің мұрындық болуымен арнаулы күш осы жердің тазалығына жұмылдырылды.

blank«Іскер Арқалық» ЖШС басшысы Жолтай Кенжекейұлы қала тазалығына барлық тұрғындардың атсалысқанын қалайды. Мысалы, осы үй тұрғындарының да аула тазалығын осылай ақсатып жіберуге жол бермеуіне болатын еді.

blank

«Мына гараждардың бірін шұқып қалсаң «ол менің меншігім» деп иесі табыла кетеді. Ендеше, неге үйінің жанын таза ұстамайтындарына таңым бар», – дейді ол қынжылысын ашық білдіріп.

«Қостанай оңтүстік электр желісі» мекемесі тазалық науқанына 50-ге тарта мамандарымен келген.

blank

«Қаламыздың тазалығына біркісідей атсалысып жатырмыз. Тазалық бар жерде адамның көңіл-күйі де жақсы болады. Қаламыздың келе жатқан 70 жылдық мерейтойы құтты болсын. Сүйікті қаламыздың тұрғындарына жайлы өмір тілейміз», – дейді мекеме басшысы Саматбек Жетпісбаев.

Екі жақтап тазалық жұмыстарына кіріскен қала билігінің арнаулы науқанының бір бөлігіне қала әкімінің орынбасары Ерлан Раисов басшылық жасады.

blankЕрлан Әмірғалиұлы өзі жетекшілік жасаған қаладағы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына  №5 мектеп, «Түзету мектебі» және Арқалық көпсалалы колледжінің тыңғылықты іс атқарғанын тілге тиек етті.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Қала басшылығы акция алдағы демалыс күндері жалғасын тауып, оған тұрғындар да белсене атсалысады деген үмітте.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                                 Арқалық қаласы