28 мая, 2025
Арқалықта «Доброцен» көтерме сауда желісінің филиалы ашылды

Арқалықта «Доброцен» көтерме сауда желісінің филиалы ашылды

Бүгінгі таңда бұл дүкеннің еліміз бойынша қырық шақты қосындары бар. Қойма-дүкен бұған дейін облысымыздың Қостанай мен Тобыл қалаларында сауда жүргізіп келсе, енді Арқалық қаласынан да ашылып отыр.

Нарық заңы – бәсекелестік орта. Неғұрлым іс өрбіген сайын баға да қолжетімді болып, қызмет сапасы да арта түседі.

«Бізде баға төменгі нарыққа негізделген. Себебі, бізге тауарлар делдалсыз тікелей келеді. Ресейлік, қазақстандық өнімдер тікелей өнідіріс орындарынан жеткізіледі. Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарлар сондай –ақ тұрмыстық химия өнімдері де сатылады. Ет, сүт өнімдерінің алуан түрі бар. Шұжық өнімдерінің түр – түрін де осы арадан табуға болады», – дейді «Доброцен» дүкенінің Арқалық қалалық филиалының директоры Анна Кособуцкая.

Халықтың өмір сапасын арттыру — заман талабы.

Кейінгі жылдары шағын шаҺарда «Солнечный», «Сулпак», «Рубин» тәрізді бірнеше сауда желілерінің бөлімдері пайда болып, жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Мақсұт Кеңбейілов,

қала тұрғыны:

«Міне, қандай тамаша! Жаңа дүкен ашылып, халық қуанып жатыр. Бағалары арзан екен. Іші сондай кең, тауар түрлері көп, өнімдерді сапалы сақтайтын тоңазытқыштары да бар. Барлық қажеттіліктерді бір жерден әрі төменгі бағада алуға болады. Қаламыз осылай көркейген үстіне көркейіп, жаңа қызмет көрсету түрлері көптеп ашыла берсін.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген-автор

Арқалық қаласы