Арқалық өңірлік архиві 60 жылды тарих қойнауына қалдырды

Арқалық өңірлік архиві 60 жылды тарих қойнауына қалдырды

Арқалық өңірлік мемлекеттік архиві мен және Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетімен бірлесіп,   облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Бұл жиын Арқалық өңірлік мемлекеттік архивінің 60 жылдығы, Қостанай облысының 90 жылдығы және Халықаралық архивтер күніне арналды.

Конференцияға жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушылары мен студенттері, архив, кітапхана және музей қызметкерлері, өлкетанушылар, мемлекеттік мекемелердің, ұлттық-мәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері қатысты.

blank blank blank

Мерейлі мерейтойдың салтанатты бөлімінде Архив ісі саласындағы мемлекеттік саясат және бақылау басқармасының басшысы Салтанат Тащанова, облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев, Қостанай облысының мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Қазыбаев және Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов құттықтап, марапаттарды табыс етті.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Медальдармен грамоталар иелерін тапты.  Арқалық өңірлік архивінің басшысы Сағидолла Байгенжин «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Мерейтойлық медальдар, министрліктің, облыс және қала әкімдерінің грамоталары архив ардагерлері мен олардың озат ізбасарларына көптеп табысталды.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Сондай – ақ, архившілердің шоқтығы биік іс – шаралары аясында қонақтар қаланың көрікті жерлеріне экскурсия жасады.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                              Арқалық қаласы