Аналар күні-жүректерді біріктірген мереке

Аналар күні-жүректерді біріктірген мереке

10 мамыр күні Достық үйінің алдындағы алаңда Қазақстандағы Аналар күніне арналған «Ана алақаны — мейірім мекені» атты мерекелік іс-шара өтті.


Бұл мерекенің басты мақсаты — отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ана институтының маңызын арттыру, аналарға деген құрмет пен қамқорлық сезімін қалыптастыру, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
blank

Іс-шараның тұжырымдамасы ананың алақанын мейірімнің, сүйіспеншілік пен өмірдің символы ретінде таныту. Кеш барысында қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше жылулық пен ризашылыққа толы атмосфера ұсынылды.

blank

 


Сахнада шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар аналарға арналған әсерлі әндер мен би қойылымдарын тарту етті.
Мерекенің ерекше бөлігі — интерактивті бағдарламалар. Қонақтар «Мама-караоке» бөлімінде ана туралы әндер орындап, «Анашым, мен сені жақсы көремін» алаңында аналарына алғыс пен махаббат сөздерін арнады.

blank


Сонымен қатар балалар мен ересектерге арналған аквагрим, шеберлік сабақтары, асфальтқа сурет салу байқауы, тәттілер мен қолөнер көрмелері ұйымдастырылды.

blank


Кеш соңында «Аналардың ақ батасы» рәсімі өтіп, Аналар кеңесі ел мен отбасы амандығына ақ тілегін білдірді. Бұл мереке — анаға деген құрметтің, отбасы бірлігінің және ұлттық құндылықтардың жарқын көрінісі.

БОТА МАНЕТ