24 мая, 2025
Аманкелділіктер Үрпек-Қабырға жолына байланысты шұғыл шара қабылдады

Аманкелділіктер Үрпек-Қабырға жолына байланысты шұғыл шара қабылдады

Еріген суы бар мұз кептелісіне байланысты жергілікті билік Аманкелді ауданы Үрпек ауылы тұсындағы Аманкелді-Үрпек тас жолының қиыршық тасты толтыру бөлігін ашуды ұйғарды.

Бұл шара елді мекендерді су басудан сақтайды және судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етеді.

«Торғай өзенінің суы басқа бағыттан тасып, Үрпек-Аманкелді көтерме жолының 11-13 шақырымын шайып өтті. Ағыс қатты болғандықтан жұмыс істеуге мүмкіндік болмады. Жолдың екі тұсынан  экскаватормен ортасын қазуға тура келді. Халық бәрінен хабардар», – дейді Үрпек ауылының әкімі Ғалымжан Жақыбаев.

Қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

Жағдай тұрақтанған соң, жол қайта қалпына келтіріледі.